Механика-математика факультетінің оқытушылары үздіктер қатарында

04.01.2024

Көрулер: 263

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз  атанды.

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған республикалық конкурс оқытушы-ғалымдардың беделін арттыру және оларды ғылымға ынталандыруға бағытталған.

     Биыл байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 768 оқытушы қатысты. Іріктеу және бағалау электрондық оқу ресурстарын, материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. көрсеткіштері бойынша анықталды.

    Байқауда Қазақстанның 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңіске жетті. Олар әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады. Механика-математика факультетінің PhD, аға оқытушысы Алибаева Қ.А. және ф.-м.ғ.-к, қау.профессор Бекетаева А.О. аталмыш байқаудың жеңімпаздары атанды. 

     Жеңімпаздар тізіміне енген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  үздік оқытушыларын табысты жетістіктерімен құттықтаймыз!