Жаңа оқу жылы қарсаңында бос лауазымдар орнына конкурс жарияланып, іріктеуден өткен үміткерлер анықталды.

01.09.2021

Көрулер: 1498

Нәтижесінде, PhD доктор, профессор Жәкебаев Дәурен Бақытбекұлы, – механика-математика факультетінің деканы болып тағайындалды. Сондай-ақ конкурстық іріктеу талаптарына сәйкес кафедра меңгерушілерімен еңбек шартын жасау туралы ұсыныс берілді. Университеттің конкурстық комиссиясы үміткерлерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесі 2021 жылдың 16 маусымында бекітілген «Профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарын конкурстық түрде ауыстыру ережесі» негізінде қарады. Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер «кафедра меңгерушілері» лауазымына тағайындалды:

- Математика кафедрасының меңгерушісі - ф-м.ғ.д, профессор, Кошанов Бақытбек Дәнебекұлы,

- Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының меңгерушісі – PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Темірбеков Алмас Нұрланұлы.

Құттықтаймыз!