Қызыққа толы Мех-Мат

26.02.2019

Көрулер: 2192

2019 жылғы Ақпан айының 22 жұлдызында, 6 жатақханадағы Студенттік Кеңес және Іргелі Математика кафедрасының ұйымдастыруымен "Қызыққа толы Мех-Мат" атты іс шарасы өткізілді. Аталмыш іс шараға механика-математика факультетіндегі мамандықтардың 1 курс студенттерінен құралған 5 команда қатысты. «Дифференциалды теңдеулер», «Іргелі математика», «математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедраларының командалары және «Механика» кафедрасынан шыққан екі команда өзара жарысты. Бұл екі команданың бірі - «Механика» мамандығы, екіншісі - осы оқу жылында жаңа білім беру бағдарламасы бойынша ашылған «Робототехникалық жүйелер» бағытындағы студенттерден құрылған командалары.

Бұл іс шара 4 кезеңнен тұрды, атап өтсек:

  1. команданы, мамандықты таныстыру;
  2. командаға берілген кино кейіпкерлерін өз нұсқаларында ойнап беру,
  3. сұрақ-жауап,
  4. берілген тапсырманы ойын түрінде орындап шығу.

Ойын тартысты өтті. Студенттердің өздерін сан қырынан көрсетуіне мүмкіндік берген бұл іс шараның қорытындысы келесідей болды:

  • 1 – орын - «Роботех» командасы (механика кафедрасы)
  • 2 - орын «Механик» командасы (механика кафедрасы) 
  • 3 - орын –«Іргелі математика» (Іргелі математика кафедрасы).

Құттықтаймыз!