«KazNU mechanics» командасы «IITU Robocon 2019» Республикалық чемпионатының жеңімпазы!

21.02.2019

Көрулер: 2174

  15.02.2019 жылы Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ұйымдастыруымен Halyk Arena Мұз Сарайында робототехникадан университеттер арасында «IITU Robocon 2019» Республикалық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Республика бойынша университеттердің ең үздік деген 15 командасы қатысып, өзара бақ сынасты. Олардың қатарында механика кафедрасының докторанты Аманов Бекзат бастаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «KazNU mechanics» командасы да болды. Команда жарыс барысында дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетіп, жүлделі 2-ші орынға ие болды. Жалпы команда 8 студенттен құралған, дені механика кафедрасында 2018-2019 оқу жылында ашылған робототехника саласының студенттері (Нуруллаев Н.М., Жолдасов Е.Н., Сагитжанов Б.М., Рахматулла З.А., Әзіл З.Н., Убайдуллаев Б.А., Жаңаберген Д.Р.).

  Команданың негізгі мақсаты робототехника саласы бойынша студенттерді тек Республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыстырумен шектемей, Халықаралық деңгейдегі жарыстарға да қатыстыру арқылы әлемдік деңгейде бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау болып табылады.