Магистранттардың шетелдік тағылымдамасы

20.02.2019

Көрулер: 2190

            Механика кафедрасы механика мамандығының магистранттары (Асембаев А., Жумабаева Г., Қырғызбаева А, Лемисова А., Низалиев А., Жиеналина А. және Абдрахман А.) ECM Space Technologies GmbH, Берлин техникалық университетінің еншілес өнеркәсібінде (Германия) «Индустрия 4.0 – Сандық революция» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.

            ЖОО-ның жетекші профессорлары О.А.Бодров, Д. Галайко., М.А. Орловтардың дәрістеріне қатысты. Дәрістер танымдық ақпараттары мол әрі өте пайдалы болды. Дәрістердің тақырыптары кең ауқымды болды: дәстүрлі салаларға қатысты индустрия 4.0 мәселелері, өндірісті автоматтандыру, машиналық оқу, интеллектуалды ақпараттық жүйелер.

            Магистранттар технологияның даму траекториялары, олардың бизнес және өндіріспен байланысы туралы көптеген мәліметтер алды. Дәрістерден бөлек заманауи Теории Решения Изобретательских Задач (ТРИЗ) бойынша профессор М.А.Орловтың мастер-кластары өткізілді. Бағдарлама бойынша жоспарланған барлық дәрістер тыңдалды және оқытудың соңында тағылымдамадан өткенін растайтын сертификаттар мен заманауи ТРИЗ мастер-класына қатысқаны үшін сертификаттар алды. Тәжірибе нәтижелері тек қана магистранттарды емес, сонымен қатар дәріскерлерді де қуантты.

            Жаздық мектеп бағдарламасы маңызды таныстырылымдық бөлімді қамтыды: индустрия - 4.0 бойынша BMW, Volkswagen компанияларының өндірістік бөлімдеріне жасалған экскурсия барысында өндірісті автоматтандыру әдістері, автомобильдер мен мотоциклдерді жасау процестерімен танысты. Өндірістік бөлімінде өндірістік қондырғылрдың, газдар мен қалдықтардың сүзілуінің экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуына баса назар аударылатындығын байқады .

            Магистранттар оқудан бөлек жергілікті көрікті жерлермен танысты. Рейхстаг ғимаратында болды. Берлиннің ерекше мәні бар архитектуралық ескерткіші – Бранденбург қақпаларын көріп қайтты.

Туралина Д.Е.

механика кафедрасы