Жаңалықтар

Механика кафедрасының студенті Абилханов Ислам бокстан факультетаралық біріншілікте 1-орын иеленді

24.11.2019

     2019 жылғы қараша айының 21-23 аралығында университеттің спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне арналған әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің арасындағы бокстан факультетаралық біріншілігі өтті. Осы біріншілікте 80 кг салмақ дәрежесінде механика-математика факультеті Механика кафедрасының 1-курс студенті Абилханов Ислам 1-орынды иеленді.

      Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

«Механика» кафедрасының магистранттарының педагогикалық практикасы

22.11.2019

25 қараша 2019 ж. «Ғарыштық техника және технология» мамандығының 2 курс магистранттары педагогикалық практика аясында ашық сабақ өткізеді.

Сабақтың тақырыбы: «Спутниктік байланыс жүйелеріндегі модуляция және шуылға төзімді кодтау түрлері».


Өтетін орны: Механика-математика факультеті, 131 аудитория.
Күні мен уақыты: 11.25.19, 12:00.
Оқу тәжірибесінің жетекшісі: Туралина Д.Е.
Студент-практиканттар: Карамуллин Тимур, Тасова Мадина

Ары қарай оқу >>

РФММ-де білім жәрмеңкесі өтті

12.11.2019

2019 жылдың 12 қараша РФММ-де білім жәрмеңкесі өтті, онда әр түрлі университеттер өкілдері үгіт-насихат жүргізді және жоғары сынып оқушыларын өз университеттеріне оқуға тартуға шақырды. Механика-математика факультетінің өкілдері Механика кафедрасының доценті Жумашева Жадыра Тоқанқызы және Механика кафедрасының бірінші курс докторанты Болысбек Дарежат Әбілсейітұлы болды.

Ары қарай оқу >>

«Орталықтандырылмаған интеллектуалды энергия жүйелері» (DENSYS) Эразмус-Мундус жаңа магистр дәрежесі туралы

07.11.2019

  Нанси университетінің профессоры Оливье Боттелла, Франция

  Лоран университеті және басқа да еуропалық жетекші университеттермен бірлесіп ұйымдастырылған «Орталықтандырылмаған интеллектуалды энергия жүйелері» (DENSYS) Эразмус-Мундус жаңа магистр дәрежесі туралы хабарлайды.

  

Ары қарай оқу >>

«ШАПШАҢ, БИІК ӘРІ КҮШТІ!»

04.11.2019

  ҚазҰУ-дың спорт кешенінде механика кафедрасының 85-жылдығына орай «Шапшаң, биік әрі күшті!» спорттық сайысы өткізілді. Шараны механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Динара Туралина ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«1 КУРС ТАЛАНТТАРЫ»

02.11.2019

   ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «1 курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Биыл да Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының ішіне лық толған студенттер өз факультеттерін қолдап келген.

Ары қарай оқу >>

Жаңадан ашылған «Робототехникалық жүйелер» мамандығы туралы дәріс

02.11.2019

   02.11.2019 ж. сағат 19.00-де «Механика кафедрасы күндері» іс-шарасының аясында №6 Студенттер үйінде жаңадан ашылған «Робототехникалық жүйелер» мамандығы туралы ашық дәріс сабағы өткізілді.

  

Ары қарай оқу >>

БИЗНЕС ИДЕЯЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

01.11.2019

  Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының FLYUP Group стартап компаниясының командасы «SMART TABLE» жобасымен студенттер арасындағы бизнес идеялар байқауына қатысып екінші орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>