«Microsoft EdVision 2019» - Білім берудегі Сандық Трансформация халықаралық конференциясы

22.11.2019

Көрулер: 1959

  21 қараша 2019 жылы Holiday Inn Almaty Almaty қонақ үйінде «Microsoft EdVision 2019» - Білім берудегі Сандық Трансформация халықаралық конференциясы өтті.

  Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Мұтанов Ғ.М., оқу ісі жөніндегі проректор Хикметов А.К. қатысып, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі цифрландыру тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

  Сонымен қатар, механика-математика факультеті деканының Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары Бектемесов Ж.М. , математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Заманова С.К. және ақпараттық технологиялар факультетінің өкілдері, конференция баяндамашыларын тыңдап, тәжірибелерін қабылдады.