«ТУРИЗМ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША VIII ЖОО АРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДА

2019 жылдың 19-20 сәуірінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, рекреациялық география және туризм кафедрасының негізінде құрылған, «Жастур» туризм және спортты дамыту клубы, «Туризм» мамандығы бойынша VIII ЖОО аралық студенттік олимпиадасын өткізді. Байқауға республиканың әртүрлі өңірлерінен 13 команда қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен құралды: зияткерлік және практикалық. Екі кезеңнен кейін бірінші орынға Туран университетінің «Turan up» командасы ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Адреналин» командасы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға демеушілерден бағалы сыйлықтар тапсырылды. Олимпиаданы үйымдастыруға Алматы қаласы туризм басқармасы, Red Bull компаниясы, «Yokohama» компаниясы, «Camp it» компаниясы және «Спаси Beaucoup » оқу орталығы қолдау көрсетті.


Басылым күні :  21.08.2019