Ұлттық рейтинг

ҚазҰУ - Қазақстан Республикасының «ЖОО cұраныстың тәуелсіз рейтингі – 2022»

ұлттық рейтингінде көшбасшы

Академиялық рейтинг және үздіктер обсерваториясы (IREG) аккредиттеген Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізген Қазақстан Республикасының танымал университеттерінің 2022 жылғы ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқа ұлттық университеттер арасында ең көп ұпай жинаған бірінші және үздік университет болып танылды. Университетіміздің осы рейтингтегі серпілісінің айрықша белгісі әлемдік индекстелген Q1-Q2 журналдарындағы ғылыми жарияланымдар санының артуы, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми жұмыстарының нәтижелеріне сұраныс пен ғылыми зерттеулердің тиімділігін айғақтайтын университет ғалымдарының көрсеткіштілігі.

ҚР ТОП-20 ЖОО-ның БАС РЕЙТИНГІ

Білім беру бағдарламаларының цифрлық рейтингі 2 мыңнан астам білім беру бағдарламаларының рейтингін және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жалпы рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы ұлттық рейтингке қатысу білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал етеді және білім сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі туралы жұртшылықты хабардар етуді, оқытушылардың мойындалуын және университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

ҚазҰУ – Қазақстандағы жетекші көпсалалы университет 2022  

 Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің (БСҚТА) мәліметі бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тағы да бірінші орынға ие болып, ең көп ұпай жинап, 2022 жылы Қазақстанның ең көп салалы университеті болып танылды.

IQAA – Шанхай агенттігі және Us News сияқты әлемнің жетекші рейтингтік агенттіктері кіретін академиялық рейтинг және артықшылық бойынша IREG обсерваториясының негізін қалаушы ұйым. IQAA рейтингінің артықшылығы – уақыт сынынан өткен әдістеме, бедел, объективтілік пен сенімділік, ұлттық және халықаралық сарапшылардың мойындауы болып табылады.

 

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» сапа менеджменті жүйесі

 2022 жылы ресертификаттау аудитінің нәтижесі бойынша «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ университеттің сапа менеджменті жүйесінің халықаралық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін дәлелдейтін «TQCS International» ұйымының халықаралық сертификатын алды.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жылдық есебі

Университеттің жылдық есебі 2021-2022 оқу жылы.pdf

Годовой отчет факультета за 2021-2022 уч.г..pdf