«Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы

«Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығының мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге қолдау көрсету, олардың қоғамда табысты әлеуметтенуіне ықпал ету.

Орталық қызметінің мәні студенттерге оқу процесінде қажетті көмек көрсету және қолдау білдіріп, психологиялық кеңес беру және тәрбие іс-шараларын, кәсіптік бағдар беру жұмысын, студент жастардың осы санатының қажеттіліктерін ескере отырып, басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыру болып табылады.

 

Гайния ТӘЖИНА,

биология ғылымының кандидаты,

«Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығының директоры