"Ғылым дамуының халықаралық орталығы" қоғамдық бірлестігі

 

 

 

Халықаралық стратегиялық зерттеулерді дамыту орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өкілдіктері бар.

Орталықтың негізгі мақсаттары:

            ақпараттық-талдау, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін тиянақты дамыту;

            отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулерді жүргізуіне рұқсат беру;

            ғылыми қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуін қамтамасыз ету.

            Орталықтың міндеттері:

1)   заманауи әлемдегі геосаяси процестерге шолу жасау және оларды болжау;

2)   саяси жүйелердің, халықаралық қатынастардың жағдайын, ғаламдық және аумақтық қауіпсіздік мәселелерін талдау;

3)   саяси, әскери-саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық-биологиялық сипаттағы және дінтану проблемаларын зерттеу;

4)   мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерінің дамуына септігін тигізу;

5)   халықаралық қатынастарды құру.

            Орталық келесі функцияларды жүзеге асырады:

1)   зерттеу жобаларын жүзеге асыруға көмек көрсетеді;

2)   отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлесіп ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады;

3)   ұлттық мүдделерді нығайтуға, ғаламдық және аумақтық қауіпсіздікке бағытталған жобаларды қолдайды және сарапшылық іріктеуді жүргізеді;

4)   Лаборатория қызметінің басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін уақытша ғылыми ұжымдардың жұмысын ұйымдастырады және олардың қызметін үйлестіреді;

5)   ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

6)   жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігіне әсер етеді, ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындауды бақылайды;

7)   талдау болжамдарын анықтайды және олардың туралығына, шынайылығына баға береді;

8)   ақпараттық кеңістікке шолу жасайды;

9)   байқауларды, талқылау алаңдарын, конференцияларды, форумдарды, семинарларды және тренингтерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады, соның ішінде мамандардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және өзара тиімді халықаралық байланыстарды кеңейту үшін;

10)    жетекші ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық ұйымдардың, тәжірибелік-конструкторлық бюролардың және ақпараттық технологиялар ғылыми орталықтарының, сондай-ақ лаборатория қызметінің басым бағыттары бойынша сарапшылар тізбесін дайындайды;

11)    ынтымақтастыққа неғұрлым перспективті шетелдік мамандарды тартады;

12)    интеллектуалдық меншік құқығын қорғау, мемлекеттік және коммерциялық құпияны сақтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасмен белгіленген талаптарды сақтай отырып орындалған және орындалатын ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды, жүйелендіреді;

13)    ғылыми зерттеулер нәтижелерін іске асыруға және енгізуге қатысады;

14)    ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын, әдістемелік және ақпараттық-анықтамалық әдебиетті, мерзімді баспаларды, аудио және бейне өнімдерді дайындауға және шығаруға қатысады;

15)    ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін инвестицияларды және қосымша қаражаттарды тартады;

16)    ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, мүдделі мемлекеттік органдар кадрларын дайындауды және қайта дайындауды ұйымдастырады.

Орталықтың серіктестері арасында халықаралық және үкіметтік ұйымдар, жетекші ғылыми-зерттеу мекемелері бар.

Орталық кеңсесі мына мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95.