ІІ Халықаралық ғылыми конгресс «ӘЛЕМНІҢ ЭТНО-ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ТҮРКІ МҰРАСЫ»

Құрметті достар мен әріптестер,

«Әлемнің этно-тілдік ерекшелігі және түркі мұрасы»

атты екінші конгресс жұмысына қатысуға шақырамыз

2024 жылғы 16-17 қаңтар!


Конгрестің мақсаты – түркітану мен алтайтану, диахрондық компаративистік

этнолингвомәдениеттанудың жалпы теориялық және әдіснамалық мәселелерін талдау.

 

Конгрестің негізгі бағыттары:

  • Тарих тілі және тіл аясындағы тарих;
  • Түркі және алтай тілдері: тарих және қазіргі заман;
  • Тілдер мен мәдениеттердің алуан түрлілігіндегі бірлік;
  • Тарихи-археологиялық зерттеулер: түркі халықтары қауымдастығының қалыптасуы мен эволюциясы.

Конгреске белгілі түркітанушылар, алтайтанушылар және диахрондық компаративистика саласындағы мамандар қатысады.

Талқылауға ЖОО оқытушылары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, мұрағат қызметкерлері, жас зерттеушілер, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

 

Жұмыс тілдері: қазақ және басқа түркі тілдері, орыс және ағылшын тілдері.

Қатысу формасы: офлайн және онлайн (Zoom қосылымымен)

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы (Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71/27).

 

Қатысу үшін 2023 жылдың 16 желтоқсан айына дейін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms.gle/3BQRW66DXhEZkFjp7 және үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған аннотацияны мына электронды мекен-жайға жіберу қажет: turkology.ri@gmail.com.

 

Конгресс бағдарламасына аннотациялары бар баяндамаларды енгізу жоспарлануда. Конгресс материалдарының жинағын жариялау болжанбайды, бірақ ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша үздік баяндамалар «Comparative Studies» ғылыми журналына қабылданады.

 

Қосымша ақпарат ұйымдастыру комитеті қатысушылардың өтінімін қабылдағаннан кейін екінші ақпараттық хатпен жіберіледі.

 

Байланысу:

Қанаева Дина - түркітану және алтайтану ҒЗИ жетекші маманы.

Моб. тел.: +77478036675.

Эл. пошта:  turkology.ri@gmail.com.

 

Құрметпен,

Ұйымдастыру комитеті