Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

"ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің Қазақстанға сапарының нәтижесі" атты ғылыми семинар өтті

27.09.2022

2022 жылдың 27-қыркүйегі күні кафедраның жоспарына сәйкес Қытайтану кафедрасында «ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің Қазақстанға сапарының нәтижесі» деген тақырыппен осы оқу жылындағы алғашқы ғылыми семинары өтті. 

Ары қарай оқу >>

«Ханинсинмун» газетінде Корея университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия бағдарламасы туралы мақала жарияланды

24.09.2022

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Қиыр шығыс кафедрасының арнайы шақыртылған профессоры Ли Бёнг Джо "Ханинсинмун" газетінде корей университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия бағдарламасына қатысты мақала жариялады.

Ары қарай оқу >>

Варшава университетіне іссапар

23.09.2022

Варшава университетінің (Варшава, Польша) Шығыстану факультеті және Саяси ғылымдар мен халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 19-22 қыркүйек аралығында дүниежүзінің 20-ға жуық елінің түркітанушы ғалымдары мен зерттеушілерін қосқан «Түркі Әлемі ғылымдары: пәнаралық мүмкіндіктер» тақырыбында VI Халықаралық Түркітану конгресі өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Мицубиши корпорациясы тағы бір студенттің талабын ұштады

18.09.2022

Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімі студенттері арасында «Мицубиши Корпорейшн» атынан бөлінген шәкіртақы үміткерлерімен ҚРдағы «Мицубиши Корпорейшн» өкілдігінің басшысы Тацуя Казама мырза сұхбат өткізді.

Ары қарай оқу >>

Жапон ғалымы қонақ болды

14.09.2022

2022 ж.14 қыркүйек күні Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінде белгілі алаштанушы, Хоккайдо университеті Славян-Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының профессоры Томохико Уяма қонақ болды. 

Ары қарай оқу >>

№107 лицей оқушыларымен кездесу

13.09.2022

2022 жылдың 13 қыркүйек күні қытайтану кафедрасының доценті Алиханқызы Гүлия кәсіптік бағдар жұмыс жоспары бойынша Алматы қаласы, Түрксіб ауданында орналасқан №107 лицейдің бітіруші сыныптастарымен кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ем Наталья Борисовна Шығыстану факультетінің декан қызметінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды

08.09.2022

08.09.2022 күні Шығыстану факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тасыбеков Хайдар Сүлейменұлы және факультеттің оқытушы-профессорлық құрамының қатысуымен арнайы жиналыс өткізілді.

Ары қарай оқу >>