Варшава университетіне іссапар

23.09.2022

Көрулер: 595

Варшава университетінің (Варшава, Польша) Шығыстану факультеті және Саяси ғылымдар мен халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 19-22 қыркүйек аралығында дүниежүзінің 20-ға жуық елінің түркітанушы ғалымдары мен зерттеушілерін қосқан «Түркі Әлемі ғылымдары: пәнаралық мүмкіндіктер» тақырыбында VI Халықаралық Түркітану конгресі өткізілді.

Конгресс оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Конгреске ҚазҰУ Шығыстану факультеті атынан Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы доценті, PhD Анар Мустафаева қатысты. Баяндама 2021-2023 жылдар жас ғалымдарға арналған ҚР БжҒМ ҒК гранттық қаржыландыруымен AP09058228 ғылыми жобасы аясында «Китаб булғат әл-муштақ уә фи луғат әт-турк уә әл-қифджақ» XIV ғасыр түркі қолжазбасының лексикалық қабаты» тақырыбында ағылшын тілінде дайындылып, оффлайн форматта ұсынылды. Баяндамада аталмыш ортағасырлық қолжазбаның лексикалық қабаты мен оның жіктелуі қарастырылды.