"ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің Қазақстанға сапарының нәтижесі" атты ғылыми семинар өтті

27.09.2022

Көрулер: 831

2022 жылдың 27-қыркүйегі күні кафедраның жоспарына сәйкес Қытайтану кафедрасында «ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің Қазақстанға сапарының нәтижесі» деген тақырыппен осы оқу жылындағы алғашқы ғылыми семинары өтті. Семинар дөңгелек үстел форматында өтті. Бүкіл әлемде үлкен резонанс тудырған бұл сапар кафедра ғалымдарының да назарынан тыс қалған жоқ. Әлемдегі геосаяси жағдай дүрлігіп тұрған бүгінгі күні, шығыстағы алып көршімізбен арадағы қарым-қатынас маңызды да өзекті тақырып екені даусыз. Семинарда ҚХР төрағасының Астанаға жасаған сапарының алғышарттары, бүгінгі күнгі геосаяси жағдай, Қазақ-Қытай қарым-қатынасы және әлем елдерінің бұқаралық ақпараттық құралдарының осы сапар туралы жазып жатқан сараптамасы талқыға салынды. Дөңгелек үстелге кафедра ғалымдары, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Мамандар өз ой-пікірлерін ортаға салып, сапардың мәні мен маңызына тереңірек үңілуге тырысты.