Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КҮН

10.11.2021

   2021 жылдың 10 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде Түркия Республикасының Дін істері басқармасы жанындағы Диянет қорының қолдауымен қайырымдылық шарасы өтті.

Ары қарай оқу >>

Профессор Н.Ә. Алдабек отандық шығыстануы туралы мақаласы

06.11.2021

   2021 жылдың 6 қарашасында Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының профессоры, шығыстанушы Н.Ә. Алдабектің «Шығыстанушылар ұлттық дипломатияның құрылуына зор үлес қосты» атты мақаласы жарық көрді.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігінің Өкілдері мен Пәкістан елінен келген жоғары деңгейдегі әскери делегациямен брифинг-кездесу өтті.

02.11.2021

   29 қазан 2021 жылы Шығыстану факультетіне Пәкістан Ислам Республикасы Елшілігінің Өкілдері мен Пәкістан елінен келген жоғары деңгейдегі әскери делегациясы келді. 

Ары қарай оқу >>

1 курс студенттерімен танысу

01.10.2021

   2021 жылы 29 қыркүйекте Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы, куратор-эдвайзер Тазабекова Г.Б. басшылығымен «Жапонтану бөлімінің 1-курс студенттерімен танысу» атты онлайн-кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Тілдер мерекесі

25.09.2021

   Тіл – мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры. Адамзатты байланыстырушы, ойы мен сөзін жеткізуші қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың діңгегі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бабалар мұрасы. Баға жетпес бұл бай мұраны қастерлеп, құрмет тұтамыз. Мемлекетіміздегі басты тіл, халқымыздың тілі – қазақ тілі екені мәлім.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік жетістіктері

25.09.2021

   Кез келген ел, ұлт, халық өз тәуелсіздігі аңсап, сол үшін жандарын пида еткен. Биыл еліміздің тәуелсіздік бесігінде тербелгендігіне – 30 жыл. Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Қазақ жастарының батылдығы мен батырлығының арқасында келген бұл тәуелсіздік ұлы жеңістің жемісі. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Ары қарай оқу >>

Шетелдік студенттердің қатысуымен жазғы мектеп

14.06.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркия Республикасының бірнеше университеттерінің (Хаджеттепе университеті, Сивас Жумхуриет университеті, Мугла Сыткы Кочман университеті тб.) «Қазіргі түркі тілдері» кафедрасында білім алып жатқан студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен 2021 жылдың 14 маусым мен 3 шілде аралығында «Қазақ филологиясы және этнографиясы» тақырыбында онлайн форматта жазғы мектеп өтуде.

Ары қарай оқу >>

2021 жылдың 20-21 мамырында "Қазақстан және Шығыс елдері: өткені, бүгіні, болашағы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.05.2021

2021 жылғы 20-21 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Қазақстан және Шығыс елдері: өткені, бүгіні, болашағы" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде қонақта

18.05.2021

2021 жылдың мамыр айының 18 күні Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин мырза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу мақсатында арнайы кездесуге келді. Дәлірек айтқанда, осы факультетте үйретілетін сегіз шығыс тілінің бірі – парсы тілі бөлімінің оқытушылары, студенттері және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлар ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Палтөре арнайы келген ресми қонақты шығыстану факультетінің бүгінгі тынысымен, оқытушы-профессорлар құрамымен таныстырды. ИИР Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин мырза 30 жылдың ішінде екі елдің арасында қалыптасқан ғылыми-мәдени қарым-қатынасты жалғастыру бағытында аянбай жұмыс істейтіндігін мәлімдеді.

Ары қарай оқу >>