Корей тіліндегі халықаралық эссе байқауының жүлдегері

08.09.2022

Көрулер: 767

2022 жылдың 7 қыркүйегінде Астана қаласында корей тілінде халықаралық эссе байқауы өтті.

Бұл байқау Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен жыл сайын үнемі өткізіліп тұрады. Биыл байқауға түрлі университеттердің студенттері қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының 1 курс магистранты Қалиева Гулден Корея Республикасынан шақырылған профессор Ли Бенг Джоның жетекшілігімен қатыса отыра жүлделі 3-орынға ие болды. Біздің студентіміз осы сайыста “Корея мені немен байланыстырады?» атты тақырыпта эссе жазды. Байқау жүлдегерлері дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қиыр Шығыс кафедрасының магистранты Қалиева Гүлден корейтану саласындағы білімнің жоғары деңгейін тағы да көрсетті, бұл жетістік барлық болашақ корейтанушылар үшін жақсы үлгі және нәтиже болады деп үміттенеміз.