Университеттің мәдени-көпшілік және мерекелік іс-шараларының жоспарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасау;
Іс-қызметті университеттің факультеттері мен құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыс ұстап отырып ұйымдастыру;
Студенттердің бос уақыттарындағы қызығушылықтары мен сұраныстарын зерттеу;
Факультеттер мен жатақханаларда атақты ғалымдармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер, тақырыптық және шығармашылық кештер өткізу;
Студеттік өзін-өзі басқару органдарының, студенттер сенатының, факультеттердегі маслихаттардың, студенттік кеңестер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру;
Мемлекеттік жастар саясатына қатысты басшылық пен басқа да ұйымдардың тілек-талаптарына жауап дайындау;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғалмаған тобына жататын студенттердің (көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер, жетім студенттер, т.б.) мәліметтер базасын жаңартып және толықтырып отыру;
Студенттер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу шараларын өткізу.