«АМАДО» МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер.
1.1 «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясы – бұл жоғары зерделі, бәсекеге қабілетті, әлеуметтiк - белсендi, творчестволық және креативтi магистранттар мен докторанттарды бiріктiретiн ЖООдан кейiнгi бiлiм беруде ашылған бiрiншi ұйым, ол Қазақстан Республикасындағы ЖООдан кейiнгi бiлiм сапасының тиiмдi дамуына ықпал етеді.
1.2 «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясы, бұдан әрі «АМАДО», ол дербес бiрлестік болып табылады және ЖООдан кейiнгi бiлiм беру институтымен (бұдан әрi ЖООКББИ) тығыз байланыс арқылы қызметтi жүзеге асырады.
1.3 «АМАДО» өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңымен, әл-Фараби атыдағы ҚазҰУ Жарғысымен, осы Ережемен, ЖБИ басқаруының нұсқауларымен негiзге алады.
1.4 «АМАДО» өз атымен өз символикасы, ұран және тағы басқа көз мөлшерiмен теңестiрулi құралды бар.
1.5 Өз мақсаттарының табысы үшiн «АМАДО» пайдаланатын дүние-мүлік - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ меншiгi болып табылады.
1.6 «АМАДО» өзінің қызметін қағида ашықтығы, өзiн-өзi басқару, тең құқықтық, адалдық, гуманизм, қатысудың ықтиярлылығы, тілек білдірушілерге кеңпейілділік, демократизм және де ғылыми қызметке икем негізінде жүзеге асырады.
1.7 «АМАДО» қызметiнiң ең маңызды бағыттары бойынша қажет болған жағдайда бөлiмшелер құрыла алады.
1.8 «АМАДО» қызметі шексіз мерзімге белгіленеді.
«Амадо» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының негізгі мақсаттары, міндеттері және бағыттары.
1.1 «АМАДО» мақсаты:
- магистратурада және докторантурадағы бiлiмнiң деңгейiнiң жоғарылауы;
- ЖООнан кейiнгi бiлiм берудің көщбасшысы ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ имиджың қалыптастыру болып табылады.
2.2. «АМАДО» міндеттері:
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары мен докторанттарының арасында ғылыми-зерттеулермен айналысуды дамыту;
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары мен докторанттарының ғылыми-инновациялық жобаларды өңдеуге, жетілдіруге және iске асыруға қатысуына мүмкiндiк туғызу;
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттар мен докторанттардың арасындағы ұжымдық мәдениет деңгейiнiң жетілдіруіне мүмкiндiк туғызу;
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратура және докторантурасы мен әлемнің жетекші ЖООлар арасындағы академиялық икемділігінің дамуына мүмкiндiк туғызу;
- магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеу және ғылыми-инновация белсендiлiгiнiң негізінде халықаралық рейтинг агенттiктерiнде университет рейтингiсінiң жоғарылауына мүмкiндiк туғызу;
- еліміздің басқа университеттерiнің арасында ЖООнан кейiнгi бiлiм берудің көшбасщысы ретінде университет имиджiнiң дамуына мүмкiндiк туғызу;
- Қазақстандық ЖООң магистранттар және докторанттарының халықаралық ғылыми зерттеу орталығына кiру процесiнің дамуына жағдай жасау;
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми зерттеу және ғылыми-инновациялық тәжiрибесiн насихаттау;
- университеттiк ортада ғылыми қауымдастықтың жағымды имиджiн қалыптастыру;
- мемлекеттiк органдарда, коммерциялық және үкiметтiк емес ұйымдарда, сонымен бiрге БАҚта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми қауымдастығының абыройының қалыптастыру болып табылады.
2.3 «АМАДО» өз міндеттерін келесi бағыттар бойынша жүзеге асырады;
2.2.1 Идеологиялық бағыт (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ғылымның дамуы үшін, магистранттар мен докторанттардың рухани, мәдени, білімді, кәсiби болу үшін, олардың творчестволық потенциалын дамыту үшін әлеуметтiк-экономикалық жағдай жасау);
3.2.1 Ғылыми-зерттеуi бағыт (әр түрлi университеттiк ғылыми зерттеу бірлестіктерінің жұмысың үйлестiру, ЖООдан кейiнгi бiлiм бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар ұйымдастыру, жас ғалымдардың академиялық икемділік саясатына жәрдемдесу, ғылыми және инновациялық жобаларға қатысуын ұйымастыру, т.б.);
4.2.1 Әлеуметтiк бағыт (қайырымдылық іс-шараларға қатысу, магистранттар және докторанттардың әлеуметтiк құқықтарын қорғау бойынша озық механизмнің енгiзілуiне жәрдемдесу);
5.2.1 Мәдениеттi-көпшілік бағыт (әр түрлi іс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметiнің сапалы дамуы үшiн әр түрлi ғылыми бағыттар бойынша басқа ұйымдардың (бiрлестіктердің және т.б.) жұмысына жәрдемдесу және т.б.;
6.2.1 Құқықтық бағыт(Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу үрдісіндегі магистранттар мен доктаранттардың құқықтары мен міндеттер бойынша кеңес беру, олардың ғылыми зерттеу үрдісіндегi алған нәтижелерi бойынща меншiк құқығын қорғау механизмi, яғни патенттер, алдын ала патенттер, авторлық куәлiктер және т.б. туралы мәлiметiн беру).
«АМАДО» магистранттар және докторанттар ассоциациясының ұйымдық құрылымы
3.1 «АМАДО» менеджментiнiң ұйымдық құрылымы:
- «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының Кеңесі,
- «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының Атқарушы директораты.
3.2. «АМАДО» жоғарғы органы факультеттің ғылыми қауымдастығынан нақты қолдау табатын сәйкесінше әр факультеттен екі өкілден кіретін Кеңес болып табылады.
3.3. Кеңес қауымдастықтың Атқарушы директоратымен қажетінше шақырылады, бiрақ айына бір реттен кем болмауы тиіс.
3.4. «АМАДО» Кеңесiне Төраға басшылық етедi.
3.5. Кеңестiң Төрағасында Кеңестiң мүшелерi қызметке сайлап және босатып отыратын екi орынбасары болады. Сондай-ақ, Кеңес Төрағасының уақытша қыметте болмайтын жағдайда оның қыметін орынбасарлардың бiрi жүзеге асырады.
3.6. Кеңестiң шешiмдерi және мәжiлiстi өткiзудiң нәтижелерi Кеңестiң төрағасы және Атқарушы директормен – Кеңестiң хатшысымен қол қойған хаттамада бекiтіледi, және орындауға қабылданады.
3.7. Кеңестiң хатшысы Кеңестiң өткiзілу күні, орны, уақыты және күн тәртiбi туралы екi күн бұрын қатысушыларға хабарлайды.
3.8. «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының ұйымдастыру-атқарушы органы Атқарушы директорат болып табылады.
3.9. Атқарушы директорат «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының Атқарушы директорға бағынады. .
3.10. Атқарушы директордың қызметтерден белгiленiп босайтын екi орынбасары болады. Атқарушы директорының уақытша қызметте болмайтын жағдайында оның қыметін орынбасарлардың бiрi жүзеге асырады.
«АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясы органдарының қызметтері.
1.1 Кеңес қызметі:
- «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының жұмыс жоспарына Атқарушы директораттың ұсынысымен бекітілген толықтырулар мен өгерістер енгізу;
- Кеңес төрағасын таңдау;
- «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының атқарушы директоры мен Кеңестің орынбастарларын бектіу;
- «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының даму стратегиясын талқылау;
- «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының атқарушы директоры мен Кеңес төрағасы орынбасарларының қызметі мен жартыжылдық есептерін тыңдау;
4.2. Атқарушы Директорат қызметі:
- «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының тұжырымдамасы, ережесі, бағдарлама жоспары және т.б. қызмет бойынша құжаттарын жасау және жүеге асыру;
- Кеңес шешімінің жүеге асуы:
- мемлекеттің ғылыми-инновациялық, қарқынды дамуын насихаттау бойынш ықпал ету және көмектесу;
- Ғылыми қауымдастыққа жаңа мүшелерді қабылау;
- «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының Кеңесін кезектен тыс шақыру және ұйымдастыру;
- Жұмыс жиындарын және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
«АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясына мүшелік
1.1 «АМАДО» мүшелігіне оның жұмысының дамуына өз үлесін қосқысы келетін, үнемі жеке ғылыми-зерттеу қабілет деңгейін жетілдіріп отыруға тырысатын университетте білім алып жатқан кез-келген магистрант немесе докторант кіре алады.
1.2 Жаңа мүше «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының атқарушы директорының келісімімен қабылданады.
1.3 Ассоциацияның мүшелігіне кіру осы ереже мен оған сәйкес құжаттармен келісімін беретіндігін білдіреді.
1.4 Мүшелігінен шығару «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының Кеңесі және
5.4.1 Ағымдағы заңнамаларды бұған және асоциацияның абыройына нұқсан алып келетін әрекеттер жасаған жағдайда;
5.4.2 Осы ереже және «АМАДО» мүшелері үшін арнайы күші бар құжаттар нормаларын сақтамаған жағдайда.
3.5 «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының мүшесі оның Атқарушы директораты мүшеліктен шықты деген шешім қабылданған сәттен ассоциация мүшесі бола алмайды.
«АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының ережесіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу
6.1 Осы құжатқа толықтырулар мен өгертулер енгізу «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясы басқармасының ерекше құзыреті болып табылады.
«АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясы қызметінің тоқталуы
7.1 «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының қызметі немесе жұмысының қайта ұйымдастырылуы ҚазҰУ ректорының сәйкес шешімі негізінде қабылданады.
7.2 «АМАДО» магистранттар мен докторанттар ассоциациясының қызметі күшінің жойылуы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ішкі өкімдеріне байланысты шешіледі.