Іс-шаралар

Эмблема


kaznucityfest


Ақсүйек in the city


Таңғы жаттығулар


20 жыл


Ақпар №5


Ақпар №7



Ақпар№8


Спорт - денсаулық кепілі

26 ақпанда ҚазҰУ қалашығының студенттерінің арасында кіші футболдан дүбірлі дода өтті. Аталмыш додада студент қатысушылар «ҚазҰУ қалашығының директоры кубогын» сарапқа салды. Бұл жарысқа 14 факультеттен 16 футбол командасы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салып, бақтарын сынады. Ойын барысы олимпиадалық жүйе бойынша жүргізіліп, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Андарбаев Олжабек Самидуллаұлы төрешілік жасады.

Қыс, жаз, көктем, күз демей,

Спорттан әсте қол үзбе.

Ауырып ем іздемей,

Ауырмайтын жол ізде, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай, спорттың барлық түрімен шұғылдануына толықтай, жоғары деңгейде жағдай жасалған ҚазҰУ студенттері тамаша ойын үлгісін көрсетті. Салауатты өмір салтын ұстанған студенттер үшін мұндай спорт ойындары олардың арасындағы байланысты, достықты жақсартады. Байрақты кіші футболды ұйымдастырып, барлық іс-шараларын атқарған Жоғарғы Студенттер Кеңесінің мақсаты да сол еді.

Дүбірлі дода өте қызықты және тартысты өтті. Кіші футбол алаңы да жанкүйерлерге лық толы болды. Олар да өз командаларына қолдау көрсетіп, барынша белсенділік танытты. Нәтижесінде, ҚазҰУ қалашығының директоры Ә.Ә.Сейітжанов мырза осы ойында қарсыластарына сан соқтырып 1-ші орынды жеңіп алған №4 жатақхана (география факультетінің) студенттеріне кубогты өз қолымен табыс етті. Қалған орындарды оңайлықпен есе жібермеген №9 жатақхана (Философия және саясаттану факультеті) ( 2-орын) және жарыс соңына дейін тамаша ойын өрнегін көрсеткен №14 ( Шығыстану факультеті) (3-орын) командалары өзара бөлісті.

Филология, әдебиетану және әлем

тілдері факультетінің

1-курс студенті Молдажанов Ербол

жарысжарыс


Көктемнің жайма шуақ күні...

Алматының төрінде орын тепкен Алатаудың мұнарлы баурайында орналасқан ұлы ҚазҰУ қалашығында халқымыздың ұлы мерекесі, жаңа жылымыз Наурыз мейрамы тойланып өтілді. Наурыздың 21 жұлдызы күні «Жастар алаңында» өткен осынау думанды тойды ұйымдастырған Жоғарғы Студенттер Кеңесі мен ҚазҰУ қалашығы директоры, қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Өйткені, осынау қуаныш сыйлауда ол кісілердің еңбектері орасан.

Қазағымыздың бұрымдары шолпыдан сыңғырлаған ару қыздарымыздың ән салған дауыстары көктемде жаңа оянған торғайлар үні секілді алтыбақан аясынан естілді. «Жастар» ауылы тұрғындары мен әр жатақхана, оқу ғимараттарынан келген өрендердің өнері таңғалмасқа амал қалдырмады. Ән – би, көрініс – күй, шаттық – ойын, жастар алаңында қонақтар, Қыдыр атаны, жиналған қауымды қуанышқа бөлеген-ді.

Қазақтың ұлттық ойындары ойналып, жеңімпаздарға, қатысушыларға, осынау ұлы қуаныштың, мерекенің жоғары дәрежеде өтуіне зор үлесін қосқан ҚазҰУ қалашығының тұрғындарына алғыс айтылып, сыйлықтармен марапатталды. Жиналған қауым бір-бірімен осынау мерекеде қауышып, Наурыз – көжеден татып тарқасты.

Мәдениет пен білімнің қарашаңырағы ҚазҰУ қалашығының төрінде төрінде әлі-ақ талай думанды мейрамдар өтетініне сенемін!

Жоғарғы Студенттер Кеңесі төрағасы орынбасары

Сансызбай Балжан



Жоғарғы Студенттер Кеңесінің кезекті жиналысы

Бүгінгі күнге дейін еңбегі жеміс беріп жүрген, осы уақытқа дейін талай іс-шараның басы-қасында ұйымдастырушы болып, қоғамдық өмірге ат салысып жүрген ҚазҰУ қалашығындағы елеулі ұйымның бірі Жоғарғы Студенттер Кеңесінде сәуір айының 10 – жұлдызында қуантарлық жағдай болды. Бәріміз сол қуаныштың куәсі болдық. Кезекті жиналысымызда бір жылда жасалған, өтілген шаралар сараланып, талқыланып алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралар айқындалды. Ауыз толтыра айтып жатқан қуанышымызбен бірге жиналыста Жоғары Студенттер Кеңесіне «жеке куәлік» табысталды. Бұл куәлік Жоғарғы Студенттік Кеңесінің төрағасы мен орынбасарларына және Студенттер Кеңесінің төрағаларына берілді. Куәлікті ҚазҰУ қалашығының директоры Ә.Сейтжановтың өз қолымен студенттерге табыс етті. «Куәлікті» қолдарына алған студенттердің өздеріне жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы уақыттағы қоғамдық жұмысқа деген ынта-жігері арта түсті. Бұл оқиға өз кезегінде аталған ұйымның абыройын арттыра түсуге өз үлесін қоса отырып, абыройлы іске бастайын негізгі факторға айналары сөзсіз оқиға болды. Мақсаты бір, іс‑әрекеті маңыздылыққа ие жастардың қуаты мен қарымы арта берсін!

Ербол Молдажанов

Филология, Әдебиеттану және Әлем тілдері факультетінің 1- курсы


«НҰР-ЖАСТАР» КЛУБЫ МЕН БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ҰЙЫМДАСТРЫҒАН ИГІ ІС

«Болашақ бүгіннен басталады» Республикалық акциясы аясында өтетін 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орайластырылған « БІРЛІК-БІЗДІҢ ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ» атты дөңгелек үстел болып өтті. Іс- шараны ұйымдастырушылар Бостандық ауданының әкімі аппараты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да құрылған «НҰР-ЖАСТАР» клубы. Дөңгелек үстел Бостандық ауданының әкімі аппаратының кіші залында өтті.

Бостандық ауданының әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлының қатысуымен өткен дөңгелек үстел өзге ұлт өкілдерімен кездесу мақсатында өтті. Іс-шараға: орыс, ұйғыр, қашқар, өзбек, қытай, украин,татар, әзірбайжан, тәжік, корей, қарақалпақсынды ұлт өкілдері қатысып,өз ұлттарының салт-дәстүрін таныстырып, өнерлерін ортаға салды.

«НҰР-ЖАСТАР» клубының ұйымдастырумен өткен бұл шараның ерекшелігі, өзге ұлт өкілдерінің өз ана тілінде және қазақ тілінде өз ойларын жеткізе сөйлеуін жетілдіруінде. Дөңгелек үстел барысында өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде пікір алысып, ой бөлісті. «Тенге тиыннан, тай құлыннан» демекші, тілге деген алғашқы батыл қадамдар осындай достық қарым-қатынаста, іс-шаралар барысында жүзеге асып отырса, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік артса ол елдің қуанышы, ұлттың қуанышы!

1 мамыр1 мамыр 2


«НҰР-ЖАСТАР» - дың нұрлы ісі

Өткен аптада, яғни мамыр айының 12 күні, №17 жатақхананың мәжіліс залында «НҰР-ЖАСТАР» (нағыз ұйымшыл рухани жастар) клубының ұйымдастыруымен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1- курс студенттері арасында «Жеңілмеген жыр» атты ақындар айтысы болып өтті. Айтыс негізінен жастардың арасында жүрген, көзге көп түсе бермейтін өнерлі өрендерді халыққа таныту және жастар арасында айтысты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Айтыс десе ішкен асын жерге қояр жастармен қатар қонақта филология факультетінің ұстазы Нұрлан Сағындықұлы және «Жастармен жұмыс жөніндегі» бөлім жетекшісі Ишанғалиева Сәуле, «Жеті муза» қоғамдық бірлестіктің төрайымы Ахметова Ләйлә болды.

Айтыс-сөз барымтасы. Аламанға түсіп оза шапқан жүйріктердей айтыскерлерде өз бабында еді. Оларға әділ төрелігін берген қазылар «Жастар жырлайды»теле айтысының жүлдегері Мінәйхан Салтанат пен «Бәйшешек » клубының ақыны Даули әрі Би- әрі Бек және «Жастар жырлайды» теле айтысының финлаисті, республикалық айқындар айтысының жүлдегері, «Барқытбел» кітабының авторы Манас Қайыртайұлы болды. Алғашқы жұп болып 1-курс студенттері Оспанбек Ерсін мен Қару Нұрзат сөз таластырды. Кейін Шерхан Талапов пен Тілегенов Аслан сөздің майын тамызып халықты бір серпілтіп тастаса, Тұрсынбекұлы Ықылас пен Біләлова Дәмелі соңғы түйенің жүгі ауыр деп, айтыстың соңғы жұбы болып шығып, тамаша қыз бен жігіт айтысын жасады. Қазылардың шешімімен финалға екі жұп,Біләлова Дәмелі мен Талапов Шерхан, Тілегенов Аслан мен Тұрсынбекұлы Ықылас өтті. Екі сағат бойына созылған қызу тартыста өз мәресіне жетіп, мақтау қағазымен Оспанбек Ерсін, Қару Нұрзат, Талапов Шерхан марапатталса, 3-орынды Тұрсынбекұлы Ықылас, 2-орынды Тілегенов Аслан, 1-орынды өзінің сүбелі сөздерімен Біләлова Дәмелі қанжығаға еншіледі. Жастар арасынан арнайы жүлде ұсынғандар да болды, олар 3 курс студенттері Амалова Ақжүніс пен Әлайдарқызы Гүлнәр, сөз алып өз жүлделерін Талапов Шерханға табыс етсе, Нұрлан Сағындықұлы Оспанбек Ерсінге шапан жапты. Айта кетер бір жайт, осы айтысқа қаржылай көмек көрсеткен студентіміз бар. Өзінің айтысқа деген жанашырлығын көрсеткен филология факультетінің 2-курс студенті Бостанова Әлия Нұрғалиқызы.

Жастар арасында ұлттық рухты, мүддені танытар осындай айтыс пен патриотты тақырыптағы іс-шараларды жиі өткізіп тұру керек. Елдің мұңын, қуанышын тілге тиек етер, халыққа паш етер ел қазынасы- айтысты жоғалтып алмайық ағайын!

Марғұлан Ақанұлы

Филолгия факультетінің 1-курс студенті,

«НҰР-ЖАСТАР» клубының төрағасы

айтыс


06.09.2012ж

Еліміз егемендік алғалы, халқымыздың экономикасы артқан сайын, есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Осыған орай ҚазҰУ қалашығында қыркүйек айының алтыншы жұлдызында Бостандық ауданының прокуратурасымен Жоғары Студенттер кеңесі бірлесіп, «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты ісшара өткізді. Қазіргі таңда бұл дертке шалдыққандардың басым көпшілігі жастар! Талай жастарымыз осы қасіреттен азап шегіп, жарқын болашақпен мезгілсіз қоштасуда. Ісшара барысында ҚазҰУ қалашығының директоры мен прокуратура қызметкерлері есірткінің адамзат баласына қаншалықты зиян екенін айта келе, жастарымызға одан аулақ болуды насихаттады. Алаңда еірткі өртелді. Бүкіл қоғамымыздың қаупі мен қасіреті болып бара жатқан нашақорлықтан сақ болайық!


08.09.2012ж

ҚазҰУ-дағы доп додасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңа оқу жылын тың серпінмен бастады. Университет табалдырығын жаңадан аттаған студенттерді қалашық тынысымен таныстыру мақсатында түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылып келеді. Солардың ішінде алғаш болып қолға алынған іс-шаралардың бірі – қыркүйектің 8ші жұлдызы күні өткен шағын футболдан жатақхана құрамалары арасындағы спорт бәсекесі .

Спорт – денсаулық кепілі. Мұны ешкім жадынан шығарған емес. Олимпиадалық қозғалыстың белсенді қайраткері Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп айтып кеткендей, ҚазҰУ-да ұйымдастырылған доп додасының да мақсаты да осыған келіп саяды. Бұл аламан студенттерге ерекше қуаныш сыйлады. Шағын футболдан ұйымдастырылған бұл додаға барлық факультеттің студенттері ерекше ықылас танытып, өз командаларын жасақтап шығарды. Жоғарғы студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен жылдан-жылға жалғасып келе жатқан доп додасы соңғы жылдары игі дәстүрге айналып келеді. Мұны биылғы аламан да дәлелдей түсті.

ҚазҰУ қалашығының директоры Ә.Сейтжановтың доп додасын бастауымен жарыс жолына шыққан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» командалар өзара мықтыны анықтады. Қызу да қарқынды тартыспен өткен бұл спорт бәсекесінің қорытындысында сылбыр мінез танытпай сауатты ойын өрнегін көрсеткен физика, математика факультетінің үмітін арқалаған құрама команда сайыстың бас бәйгесімен қанжығаларын майлады. Жеңіске деген талпынысымен талайдың таңдайын қақтырған философия және политология факультетінің құрамасы 2ші орынға табан тіресе, өзіндік ерек ойын өрнегімен қайсарлық таныта білген химия факультетінің құрама командасы жүлделі 3ші орынды місе тұтты. Салауатты өмір салтын ұстанған жаңа буын жас талаптың футбол ойынына деген құштарлығы мен ынтызарлығы баршамызға үлгі боларлықтай. Бұл үлкен дода қара шаңырақтың табалдырығын биыл ғана аттаған студенттерінің арасындағы достық қарым-қатынастырын нығайтып, жаңа қатынастарға жол ашты. Жарысты ұйымдастырушылардың да негізгі мақсаты да сол еді.

Молдажанов Ербол


09.09.2012ж

2012 жылы қыркүйек айының тоғызыншы жулдызында қалашығымызда Жоғары Студенттер Кеңесінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүрге айналған жатақханалар арасында қыздар командасынан құралған волейбол жарысы болып өтті. Жарысқа әр жатақханадан іріктеліп 1-курс қыздары қатысты. Жарыс нәтижесінде 3-орынды география және табиғатты пайдалану факультетінің 2-командасы иеленсе, 2-орынды филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері қанжыларына байлады, ал 1-орынды география және табығатты қорғау факультетінің 1-командасы алып, жақсы ойын үлгісін көрсетті.

Жарыс жеңімпаздары жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін “Kaznucityfest” 1-курс студенттерін қабылдау кешінде ресми түрде марапатталады.