"ҚазҰУ рекордтар" клубы

ФОТО

«ҚазҰу-дың рекордтар» клубының төрағасы Әскеров Асқар

"ҚазҰУ Рекордтар" клубы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң студенттерінен рекордка лайықты ақпарат жинап, жарыққа шығарады.

Мақсаты:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiндегі студенттердің орнатқан рекордтарын жинақтап, есепке алып,жиналған ақпараттарын архивтендіру.

Міндеттері:

  • Рекорд көрсеткішіне жеткендерге тәрбиелік мәні бар, қолайлы жағдай жасау.
  • Университеттің өсу-даму барысындағы мәдени-тарихи бағалы мәліметтерін сақтау.
  • Студенттер мен қызметкерлердің сабақта және сабақтан тыс белсенділігін жандандыру.
  • Студенттік ортаны салауатты өмір салтын дамытуға жағдай жасау.
  • Студенттік өмірдің адам өміріндегі ең қызықты да, жемісті кезеңдердің бірі екенін көрсету.
  • Болашақ ұрпаққа университеттің ең көрнекті, атақты адамдары мен студенттері жайлы жазылған ақпараттар мен картотекалар тізімін жасау.

Бағыттары:

1)Ең

2)Алғашқы

3)Дара(қайталанбайтын)

1. Үлкен, кішкентай, арык, жылдам,т.б., яғни салыстыруға болатын заттардың барлығы мен жарысуға лайық критерийлері кіреді.

Мысалы:

Ең ұзын адам, ең жіңішке бел және тағы басқалар.

2. Ең көне және ескіге жататындар

Мысалы ҚазҰУ-дың алғашқы кітабы (яғни алғаш шыққан кітап емес, бірақ көне басылымға жатады).

3. Қайталанбайтын дара экземплярдағылар да жатады.

Мысалы 8 саусақты қолмен дүниеге келген адам.

Координаталары:

«ҚазҰУ рекордтар» клубының төрағасы: ( Экономика және Бизнес Жоғарғы Мектебінің 1 курс магистранты) Әскеров Асқар моб.: 8 701 62 99 216, e-mail.: Askar-Askerov@mail.ru

Барлық сұрақтар бойынша Ректораттың 11-08 орналасқан Жастар жөніндегі бөліміне жолығуға болады.

Егер сен ерекше қасиеттер мен ерекшеліктердің иесі болсаң, онда бізге кел!

ҚазҰУ тарихына өз атыңды қалдыр!

Лого

«Шыңдарды асып, уақытты озып...»