Заң клиникасы

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Студенттер сенатының заң клиникасы


Нугманова Жибек - Заң клиникасының жетекшісі

87013376459

Заң клиникасы – ҚазҰУ Студенттер сенатының жеке құрылымдық бөлімі.

Студенттер Сенатының заң клиникасының негізгі міндеттері:

- ҚазҰУ Студенттер сенаты жұмысында заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;

- Студенттердің заңды құқықтарын қорғауда мүліктік және басқа да құқықтарды қорғау;

- Студенттер арасында ҚР қолданыстағы заңдарын түсіндіру;

- Студенттерге қатысты университеттегі ереже, бұйрық, шешім және құқықтық сипатты құжаттар жобасын жасауға қатысу.

Заң клиникасы жетекшіден, заң факультетінің оқытушы– профессорлар құрамынан тұратын кеңес органы мен кеңесші студенттерден тұрады. Заң клиникасы жетекшісі ҚазҰУ Студенттер сенаты төрағасының бұйрығы бойынша заң факультетінде оқитын белсенді студенттер арасынан тағайындалады. Заң клиникасының кеңес органы заң факультетінің оқытушы–профессорлар құрамынан тұрады. Заң клиникасының кеңес органына 10 мүше кіреді. Заң клиникасының кеңес органы құрамын заң клиникасы жетекшісінің ұсынысы бойынша ҚазҰУ–дың құқықтық мәселелер жөніндегі проректоры бекітеді. Кеңесші–студенттер заң клиникасының мүшелері болып табылады. Заң клиникасы құрамындағы кеңесші–студенттер саны шектеулі.

ҚазҰУ Студенттер сенаты заң клиникасы:

- Алматы қаласы тұрғындарына ақысыз негізде заңи кеңестер береді;

- Қала тұрғындарына нормативті сипаттағы актілерді жасасу үлгісін көрсетеді;

- ҚазҰУ Студенттер сенатының барлық жедел жиналыстарына қатысады;

- ҚазҰУ Студенттер сенатының кіріс және шығыс құжаттарын жүйелі түрде ұйымдастырады;

- ҚазҰУ Студенттер сенатын және оның құрылымдық бөлімдерін қажетті нормативті құжаттармен қамтамасыз етеді;

- Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында лекциялар мен семинар–тренингтер өткізеді.

Заң клиникасы құқылы:

- студенттерді құқықтық тұрғыдан қорғау мақсатында университет факультеттерінен және құрылымды бөлімдерден қажетті құжаттар, анықтамалар және т.б. мәліметтерді сұрауға;

- заң клиникасының міндеттеріне сәйкес іс–шараларды ұйымдастыру мен іске асыруға, ереже жобаларын дайындауға қатысуға.

Заң клиникасы міндетті:

- университет студенттеріне тегін түрде құқықтық кеңестер беруге;

- университет әкімшілігі алдында студенттер мүдделерін қорғауға;

- университет студенттері арасында құқықтық іс–шаралар өткізуге.