"Сұңқар" студенттер кәсіподағы ҚБ

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы

«Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Қарақожаева Әлия

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы - 1999 жылы 14 сәуірде кәсіподақтың есеп - таңдау конференциясында құрылды.

Кәсіподақтың негізгі мақсаты: ҚР заңдарына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғау.

Студенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау келесідей:

1. «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұсынуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттерге ай сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік көмек көрсетеді және жылына бір рет киіммен қамтамасыз етеді;

2. Денсаулығы нашар, мүмкіндігі шектеулі студенттерге әлеуметтік көмек көрсетеді;

3. Студенттер емханасының тізімінде тұрған, гастрит және қант диабетімен ауыратын студенттерге диеталық тамақтануға тегін талондар бөледі;

4. Әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының біреуі жоқ, көпбалалы отбасылардан шыққан және балалы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетеді;

5. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстық-көл жағасындағы спорт-сауықтыру лагеріне жолдамаларды 50 пайыз жеңілдікпен бөледі;

6. Университеттік және факультеттік деңгейдегі іс-шараларды атқаруға қаржылай көмек көрсетеді;

7. «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұсынуымен ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім және мүмкіндігі шектеулі студенттер жатақханада тегін тұрады;

8. Жаз айларында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша студенттерді жұмыспен қамтамасыз етеді.

9. ҚазҰУ түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі

Байланыс телефондары:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы: (Экономика және бизнес Жоғарғы Мектебi, 4 курс) Қарақожаева Әлия; моб.: 87022444014, e-mail.:KazNU_Sunkar@gmail.ru, Aliya_080@mail.ru.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша «Сұңқар» студенттер кәсіподағына келсеніздер болады. ЭжБЖМ, ГУК-3, 3 этаж, 13-58.