Жалпы мәліметтер



Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі

студенттік өзін - өзі басқаруы

Әбдіқадыров Нұрлан Студенттер сенатының төрағасы

Экономика және бизнес Жоғары мектебі, 3 курс

Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студентер сенаты – университеттің өзін-өзі басқару ұйымдарының жоғарғы органы.

Студенттер сенатының мақсаты – студенттер мүдделерін университет әкімшілігі алдында білдіру, ЖОО арасында, мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде университет имиджін нығайту, жүйелі жұмысты ұйымдастыру мен қоғамдық өмірдің функционалды бағыттары бойынша іс–шаралар жүргізу, студенттердің басқарушылық қасиеттерін дамыту мен ішкі потенциалды жүзеге асыру, университеттегі оқу процесстерінің эффективтілігін жоғарлату, студенттердің белсенді өмірлік және азаматық ұстанымдарын дамыту, слауатты өмір салтын сақтау, университет және факультет деңгейлерінде студенттік өзін-өзі басқару механизмін жүйелі дамыу.

Студенттер Сенатының негізгі мақсаттары:

- студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- студенттерге оқу ісі, әлеуметтік–тұрмыстық қызметтер жөнінде және студенттерді қызықтыратын сұрақтарды шешуге көмектесу;

- студенттерді жоғары кәсіби білікті мамандарды даярлауға байланысты сұрақтарды шешуге баулу;

- жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында қажетті жағдайлар жасау. Қазақстан қоғамының өзекті мәселелерін шешуге қатысу;

- студенттік өмірдің демократиялық дәстүрлерін сақтау және дамыту;

- басқару органдарына оқу–ісі, ғылыми мәселелерді шешуге, тәрбие және оқу жұмысы үдерістерін ұйымдастыруға қатысу, сонымен қатар студенттердің тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу.

Студенттер Сенатының міндеттері:

- студенттердің азаматтық, әлеуметтік және кәсіби білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету;

- студенттердің ғылыми және профессионалды мүдделерін ескере отырып, оқу мәселелерінің сапасын арттыруға бойынша ұсыныстар жасау;

- университеттегі мәдени–сауықтыру іс–шараларын ұйымдастыру мен өткізу, университеттің құрылымдық бөлімшелеріне іс–шараларды өткізуге көмектесу;

- студенттік қоғамдық іс–шаралар, студенттік конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, түлектермен кездесу және т.б. ұйымдастыру;

- студенттерді патриоттық рухта тәрбиелеуге баулу, білім деңгейіне қойылатын талаптар, мемлекет қазынасын ұқыпты ұстау және т.б. бағыттардағы жұмыстар жүргізу;

- студенттік өмірді БАҚ және баспа құралдарына шығару;

- ЖОО арасындағы, аудандық және халықарлық байланыстарды нығайту.

Студенттер сенаты факультеттегі студенттер мәслихатын және қызығушылық бойынша клубтарды біріктіреді.