“Bluetooth” ойын-сауық орталығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Студенттер сенаты
“Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының жетекшісі Бердалы Ерман
“Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының жобасы
- Мақсаттары мен міндеттері
- · Студенттерге арналған кештің әзіл сықақ түрінде ұйымдастырылуы;
- · Әртүрлі факультеттер студеттерінің арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту;
- · Студенттердің тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал жасау;
- · Студенттердің таланттарын ашу;
- · Белсенді студенттік өмірді дамыту;
- · Жас КТК командаларының өз талантарын студенттер қауымына көрсетуі;
- · ҚазҰУ студенттерінің басын қосу.
- “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының басшылығы
Кештердің ұйымдастырылуы мен жүргізілуі ҚазҰУ студенттер Сенатына жүктеледі.
- Ұымдастырушылар
“Bluetooth” ойын-сауық орталығының мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуына жауапты, биология факультетінің 3 курс студенті – Ишангалиева Сауле. Кештің жүргізілуі мен өтілуіне жауапты, биология факультетінің 4 курс студенті – Галиев Камиль және филология факультетінің 3 курс студенті – Байбосын Дастан.
- “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық кештерінің өту уақыты мен орны
“Bluetooth” ойын-сауық кештері әр жұмада сағат 19:00-де, ҚазҰУ жастар орталығында өтеді.
- “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының мүшелер қауымы
Барлық қатысуға ынта білдірушілер - клуб мүшелері бола алады: ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары және басқа оқу орыындарының студенттері.
- “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығының идеялары мен райының негіздері:
- · Көтеріңкі көңіл-күй;
- · Демалыс;
- · Позитив;
- · Жаңа-жора жолдастарды табу.
7. “Bluetooth” ҚазҰУ ойын-сауық орталығында қойылатын талаптар
.
“Bluetooth” ойын-сауық орталығына аяқ басқан адамдар бекітілген тәртіпті клуб ішінде және оның сыртында сақтау қажет.
Орындалуы тиіс:
- · Кешке байланысты дұрыс киіну;
- · Цензураны сақтау.
Қолдайды:
- · Кеш пен кездесулерді өткізуге жаңа идеяларды ұсыну;
- · Қонақтарды шақыру;
- · Клубтың мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асуына белсенді қатысу;
Қолдамайды:
- · Дұрыс киінбеу;
- · Қоқыс тастайтын орындарынан бөлек жерлерде әртүрлі қоқыс-қалдықтарды қалдыру;
Тыйым салынады:
- · Клуб ішінде және ҚазҰУ аумағыда шылым шегу;
- · Клуб ішінде мас күйде болу;
- · Клуб ішінде және оның сыртында әртүрлі балағат сөздерді қолдану;
- · Клуб ішінде және оның сыртында қоғамдық тәртіптерді бұзу;
- · Әртүрлі есірткі түрлерін қабылдау.