Болон үдерісі бойынша студенттік бюро

БОЛОН ҮДЕРІСІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІК БЮРО

Болон үдерісі бойынша студенттік бюро 2009 жылдың 5-6 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен Қазақстан Республикасының Болон үдерісіне қосылуы жөніндегі Халықаралық форумы шешімі негізінде, Еуропалық Студенттер Одағы тәжірибесі мен дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасында студенттердің оқу процесін ұйымдастыруға көптеп тарту мақсатында құрылды.

Жоғарғы білім беру саласы және кәсіби мамандар дайындау Қазақстан Республикасының саясатының басым бағыттарының бірі. Өз кезегінде ұлттық білім жүйесі әлемдік білім кеңістігімен интеграцияланбай дамымайды. Сондықтан да университет деңгейінде бұл мәселенің шет қалмай Болон үдерісі бойынша студенттік бюроның құрылуы Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуын тездетуге үлесін қосады.

Студентік бюроның негізгі мақсаттары:

  • Кредиттік білім беру жүйесінің тиімді іске асырылуына әрекет ету;
  • Студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық мүдделерін алға қою;
  • Шешім қабылдауда студенттердің ролін күшейту;
  • Жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студент жастардың азаматтық ролі мен жауапкершілігін арттыру;

БІЗГЕ ҰСЫНА АЛАТЫН ОЙ-ПІКІРЛЕРІҢ БАР МА?

БОЛОН ҮДЕРІСІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІК БЮРО ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАМАҚШЫ ЖӘНЕ БІЗДІҢ ҚАТАРЫМЫЗҒА ҚОСЫЛУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Студенттік бюроның жұмысына ат салысуға дайын кез-келген ынталы студент БҮСБ мүшесі бола алады.

Біздің мекен-жайымыз: әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректораты, 13 қабат, Жастар ұйымдары комитеті кабинеті.