Біздің жетістіктеріміз

«Жыл студенті-2011» республикалық байқауының жеңімпазы – ҚазҰУ студенті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, республикалық Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен «Жыл студенті» байқауының жұмысы осыдан екі ай бұрын басталған болатын. Еліміздің түкпір-түкіпірінен қаншама студент жастар «Жыл студенті» атану үшін бақ таластыруға бел буып, құжаттар өткізді. 15 номинация бойынша республика көлемінде әр номинацияға бір жеңімпаз тағайындалатын байқаудың бас жүлдесі – «Жыл студенті-2011» гран-при иегері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Колледжінің 3 курс студенті Есмуханбетова Малика атанды!

Бала кезінен ән айтып, кәсіби тұрғыда би билеп өскен Малика бүгінгі таңда қазақ эстрадасының жұлдыздарымен дуэтте ән салып, бейнебаяндар мен отандық фильмдерде түрлі рольдерді сомдап жүр. Өнері мен бірге оқу үлгерімінде де озық алып жүрген студент еліміздің белді қоғам қайраткеріне айналады деген үміт артып, болашақта үлкен табыстар тілейміз!

15-21 қараша күндері М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде М.В.Ломоносовтың 300 жылдығына арналған «Гаудеамус» студенттік фестивалі өтті.


Фестиваль аясында ІІ ғылым фестивалі, ХІІ Еуразиялық университеттер ассоциациасы және ТМД елдерінің жастар ұйымдары көшбасшыларының съезді өтті. Форум жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Ишангалиева Сәуле, жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы Картаева Сандуғаш және студенттік конструкторлық бюроның жетекшісі Ерниязов Қуанышбек Қазақстан делагациясын өкілдік етіп қатыcты.