Жобалар

Бекітемін: Келісілді:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

«Сұңқар» кәсіподағының төрайым Әлеуметтік даму жөніндегі Проректор

___________ А.М. Қарақожаева ___________ Ш.Е.Жаманбалаева

«___» «___________» 2011 жы «___» «___________» 2011 жыл

«Ең үздік студенттік отбасы» байқауының

КОНЦЕПЦИЯСЫ

Ұйымдастырушы: «Сұңқар» студенттер кәсіподағы

Өткізілетін күні: «____»__________20__ ж.

Өткізілетін орны: механика-математика факультетінің акт.залы

Байқаудың мақсаты: ҚазҰУ-дағы отбасын құрған студенттердің бағын сынау.

Байқаудың міндеттері:

  • Студенттік отбасылардың санын анықтау;
  • Байқауды жалпыға қызықты болатындай етіп өткізу;
  • Қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі болып жатқан жас отбасылардың ажырасуының алдын алуға бір септігін тигізу;
  • ҚазҰУ студенті тек қана оқуда, өнерде озат емес, сондай-ақ адал жар, аяулы әке мен ана болатындығын байқату;
  • Байқаудың өту барысы отбасы жағдайларына кедергі келтірмеуі керек.

Байқауға қатысушылар: Әр факультеттен міндетті түрде бір отбасы. Қатысушы жұптардың дайындығына көмектесетін әр факультеттің кәсіподақтары.

Жүргізушілер: Әкесі-баласы-анасы.

Қатысушылардың сайысқа түсетін бөлімдері:

ü Бірінші бөлім «ҚазҰУ.Махаббат.Танысу» деп аталады. Яғни, отбасылар өздерінің танысу сәтін, отбасылық өмірін көрсетіп өту керек (слайд, видеоролик, қатысушылардың талғамына сәйкес);

ü Екінші бөлім - ол –«Отбасылық өнерімен өрісте». Бұл сайыс қатысушы отбасылардың өнерін тамашалауға арналған. Қойылатын талап: отбасы мүшелерінің біріккен түрдегі өнері көрсетілуі тиіс.

ü Үшінші бөлім отбасы отағаларының жарлары сабақтан кешіккен сәтте қандай ас әзірлейтіндігін, ал отағалар жұмысқа асығып бара жатқанда жарлары ерлерінің галстугын жылдам, әрі әдемі қалай байлайтындығын байқау мақсатында жасалған. Яғни, ерлер үш минут ішінде салат әзірлейді, ал әйелдері бір минут ішінде галстук байлайды. Қатысушы отағаларға «Сұңқар» кәсіподағы тарапынан дайындалған салатқа қажетті (бәріне біркелкі) заттар беріледі. Жарларына, әрине галстук таратылады. Бағалау сәтінде ұқыптылық, жылдамдылық, әрі көкемдік негізге алынады.

ü Төртінші бөлімде отбасыларға ситуациялық сұрақтар қойылады. Бұл бөлімнің мақсаты: жаста болса, бұл отбасылардың кез келген қиындықты жеңе алатындығын көрсету. Болашақта кездесетін жағдайларға кішкене болсын дайындық ретінде септігімізді тигізу. Ұтымды, әрі жоғары дәрежелі жауап ұсынған отбасына жоғары балл қойылады.

ҚОРЫТЫНДЫ: Өмірі қызыққа толы, өнері өріске тең, жылдам, әрі жан-жақты, кез келген қиындықта мойымайтын отбасы «Ең үздік студенттік отбасы» болып анықталады. Байқауға қатысушы жұптар «Сұңқар» кәсіподағы тарапынан бағалы сыйлықтармен, Тіл және тәрбие ісі жөніндегі Проректор Ш.Е.Жаманбалаеваның атынан арнайы Дипломдармен марапатталады.