«Алтын сапа» пікірсайыс клубы

«Алтын сапа» пікірсайыс клубы

Координатор:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Алтын сапа» пікірсайыс клубының төрағасы: (Философия және саясаттану факультеті, 2 курс) Қисыбай Әлібек ұял.: 87022356935, e-mail.:, alibek_9292@mail.ru.

«Алтын сапа» пікірсайыс клубы - 2007 жылы қыркүйекте құрылды.

Клубтың негізгі мақсаты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер арасында пікірсайысты дамыту, оны тарату. Рухани, интелектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін қазақ тілді жастардың жаңа буының қалыптасуына ықпал ету.

Басты жұмыс бағыттары:

  1. Пікірсайыс форматтарын үйрету ;
  2. Клуб мүшелерінің тұлғалық қасиеттерін дамытуға арналған тренингтер, семинарлар өткізу;
  3. Студенттің білім деңгейін көтеруге көмектесу;
  4. Қалалық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирларына қатысу;
  5. Университеттегі пікірсайыс іс-шаралары мен турнирлерін өткізу;
  6. «Азамат» жастар парламенті бағдарламасына шығуға дайындау;
  7. Университеттік және факультеттік деңгейдегі іс-шараларды атқаруға қаржылай көмек көрсетеді;
  8. ҚР-ның Парламентінде, қоғамдық көмекші жобасымен іс-тәжірибе алу мүмкіншілігі;

Адамзаттың аса құдіретті құралдарының бірі – сөз қаруына – иелік еткісі келетін әрбір отансүйгіш жас азамат үшін «Алтын сапа» пікірсайыс клубының есігі әрдайым ашық!

Барлық сұрақтарыңыз бойынша жоғарыда көрсетілген контактылар бойынша хабарлассаңыздар болады.