Жоғары студенттер кеңесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. ҚазҰУ қалашығы.

Жоғарғы Студенттер Кеңесі

Жоғарғы Студенттер Кеңесінің төрағасы филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студентіАязбаева Сәуле

  1. 1. Жалпы бағдарламасы:
  2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жатақханаларының Жоғарғы Студенттер Кеңесі (жатақхана Студенттер Кеңесі) – бұл ҚазҰУ қалашығы жатақханаларындағы студенттердің тәртібі мен тазалығын қадағалай отырып, түрлі мәдени–көпшілік, спорттық және басқа да іс–шараларды ұйымдастырып, жүргізуді іске асыратын құрылымдық бөлім.

.

  1. 2. Негізгі мақсаттары:
  2. Жоғарғы Студенттер Кеңесінің негізгі мақсаттары болып:
  3. 2.1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды іске асыру;
  4. 2.2. Университеттегі жастар мен студенттердің өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;
  5. 2.3. Жатақханада тұратын студенттердің азаматтық ролі мен жауапкершілігін арттыру;
  6. 2.4. Студенттік жастарда патриоттық рухты үйлесімді дамыту;
  7. 2.5. Студенттердің жеке қабілеттері мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін бүкіл қоғам мүддесі үшін дамытуға жағдай жасау.

  8. 3. Ұйымның құрылымы:
  9. 3.1. Жоғарғы Студенттер Кеңесінің басшысы орнына бір оқу жылы мерзіміне жатақханада тұратын студенттер арасынан сабақта үлгерімі жоғары, белсенділік қабілеті бар, ұйымдастырушылық қабілеті мол, студенттік жастар арасында беделді студент сайланады.
  10. 3.2. Жоғарғы Студенттер Кеңесінің құрамына: тең құқылы төрағасы мен төрайымы, хатшысы және екі орынбасары кіреді. Сонымен қатар жатақханалардың Студенттер кеңесінің төрайымдары мен төрағалары кіреді.

  11. 4. Қызметтері:
  12. 4.1. Жоғарғы студенттер кеңесінің жұмыс жоспарын жасап, сонымен қатар жатақханалардың жылдық жұмыс жоспарын қадағалап оның орындалуын қамтамасыз ету;
  13. 4.2. Жатақханаларда тұратын студенттердің аттестациялық картасын жүргізуін жатақхана төрайымдары мен төрағаларынан талап ету.
  14. 4.3. Студентті жатақханаға орналастыру туралы шешімдердің қабылдануын қадағалау;
  15. 4.4. Жатақханада тұратын студенттердің мүдделері мен мәселелерін қарастырып, оларды шешу;
  16. 4.5. Жатақханада тұратын студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарын қадағалауды қамтамасыз ету;
  17. 4.6. Жатақханада тұратын студенттерді университеттің, жатақхананың мәдени-көпшілік және басқа да іс-шараларына қатыстыру;
  18. 4.7. Жатақханаларда белгілі ғалымдар және мәдениет қайраткерлерімен кездесулерді, дөңгелек үстел, дебаттар, тақырыптық және шығармашылық кештерді ұйымдастыру мен жүргізу. Аудандық, қалалық және республикалық семинарлар, конференциялар мен жарыстар, басқа да іс-шараларға қатысу.
  19. 5. Құқықтары:
  20. 5.1. Жоғарғы студенттік кеңестің басқару органдарына сайлау және сайлану;
  21. 5.2. Жатақхана студенттер кеңесінің төрайымдары мен төрағаларынан жұмыстарына қатысты мәліметтер алу;
  22. 5.3. Тәртіп бұзған студенттерге қатысты шара қолдану.
  23. 5.4. Университеттің ғылыми кітапханасын қолдану, және басқа да ҚР заңдарына, Университет жарғысы мен осы бағдарламаға қайшы келмейтін әрекеттер жасау

  1. 6. Міндеттері:
  2. Жоғарғы Студенттер кеңесінің мүшелері:
  3. 6.1. Осы бағдарламаны орындауға;
  4. 6.2. Қойылған мақсатты уақытында және сапалы орындауға;
  5. 6.3. Еңбек тәртібін сақтауға және өндіріс мақсатында қолдануға берілген мүліктің бүтіндігін қадағалауға;
  6. 6.4. ҚР Ата заңын, сондай-ақ осы Бағдарлама қарастырған нормаларды сақтауға жауапты.