Жаңалықтар

Рымғали Нұрғали атындағы аудитория ашылды

09.12.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен 9 желтоқсан күні Рымғали Нұрғали атындағы аудитория ашылды. Рымғали Нұрғали университет қабырғасында 35 жыл еңбек етіп, дәріс оқыды. Аудиторияда өмір белестері, ұстаз, ғалым, қайраткер, ғылымдағы биіктік, ел ардақтысы деген қабырға көрмесі қойылған.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

09.12.2011

Тəуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында «Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық» атты тақырыпта биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында дөңгелек үстел түрінде эдвайзерлік сағат өтті.

Аталмыш факультеттің №7 жатаханасында өткен дөңгелек үстелде профессор С.Н.Нестерова қазақстан тарихын және және егемендіктің 20 жылдағында жеткен жетістіктеріне, Елбасының сыңғыр саясатына тоқталды. Аталмыш кафедра магистранты Лина Лебедева Лина ағылшын тілде «Development of higher education Kazakstsn», 3 курс студенті Мадина Тлеуова орыс тілінде «Казахстан и мировое сообщество», 2 курс студенттері Ерназар Капаров ағылшын тілінде, Айгерим Теңізбаева мемлекеттік тілде «Қазақстан 1991-2011 жыл аралығында», 2 курс студенті Айжан Құралбекова мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» тақырыптарында баяндама жасады. Бұл өткізіліп отырған тәрбиелік іс-шараның ерекшелігі «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының университетімізде сауатты жүргізілуін айқындайды.

Ары қарай оқу >>

VII Халықаралық Бірімжанов съезі өтті

09.12.2011

9 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде белгілі ғалым, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың 100 жылдығына арналған «Химия және химиялық технология» бойынша VII Халықаралық Бірімжанов съезі өтті.

Мерекелік шараға ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов, Жану проблемалар институтының директоры х.ғ.д., профессор Зұлқайыр Мансұров, Химия ғылымдары институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Еділ Ерғожин, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев, химия және химиялық технология факультетінің деканы Ердос Оңғарбаев бастаған отандық химия саласының ғалымдары мен шетелдік профессорлар да қатысты. Съезде ҚР көмірсутекті және минералды шикізатты өндеудің қазіргі мәселелері және экология, табиғи, синтетикалық қосылыстар, мономерлерлердің химиялық технологиясы, химия білімінің заманауи мәселелері қарастырылды.

Съездің алғысөзінде ҚазҰУ-дың бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев химия және химиялық технология факультетінің даму тарихына, бүгіні мен ертеңіне және Батырбек Бірімжановтың химия ғылымын дамытудағы зор үлесіне тоқталып, ғалымның 100 жылдығына арналған съезд маңыздылығын атады. «Химия факультетінің даму тарихын негізгі үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең факультеттің қалыптасу кезеңі 1934 жылдан 1954 жылға дейінгі аралықтағы 20 жыл уақытты қамтиды. Бұл кезде алғашқы деканымыз академик Әбікен Бектұрұлы Бектұровтан бастап, кейін сол кісінің шақыруымен факультетте еңбек еткен академиктер М.И.Усанович, Д.В.Сокольский, М.Т.Козловский, О.А.Сонгина сияқты ғұлама ғалымдар факультеттің іргетасын қалап, негізін қалыптастырды. Екінші кезең факультеттің даму кезеңі, бұл Б.А.Бірімжанов жетекшілік жасаған 1954 жылдан 1980 жылға дейінгі 25 жылдан аса уақытты қамтиды. Бұл кезең факультеттің шарықтау немесе өркендеу кезеңі деп айтсақ та болады, себебі осы жылдары факультетте жаңа 6 кафедра ашылды, елімізде аты аталған академиктер негізін қалаған ғылыми мектептер мен бағыттар қалыптасты. 1980 жылдан бергі уақытқа дейін қазіргі үшінші кезеңін факультеттің қайта түрлену немесе жаңғыру кезеңі деп айтуға болады. Батырбек Ахметұлынан кейінгі факультет басқарған ұстаздарымыздың әрқайсысы факультеттің дамуына өз үлесін қосты. Бұл кезеңде факультеттің ғылыми-зерттеу институттары құрылды, білім берудің көпсатылы жүйесі жасалды, бірнеше жаңа мамандықтар ашылды, факультет жаңа ғимаратқа көшті және т.с.с. нарықтық экономика талаптарына сай факультет жұмысы қайта жаңғыруда», - дейді профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев. Ал ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов: «Химия ғылымының қалыптасып және дамуына Бірімжановтың үлесі өте зор. Ол өте кең, парасатты жан. Оның ұстаздығын көрген, дәрісін естіген шәкірттері есімін ұмытпайды», - деген ойымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ поэзиясының Құлагерінің» есімі биология факультетінде ұлықталды

07.12.2011

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасы мен “Сұңқар” студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған тәрбиелік кеш өтті.

«Қазақ поэзиясының Құлагері» атты Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы, аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған танымдық, тәрбиелік мәні бар мерекелік шараға І.Жансүгіровтың ұлы Саят Жансүгіров, келіні Қарлығаш Махмедқалиқызы және немересі жалпы генетика және цитология институтының директоры б.ғ.к., доцент Лейла Жансүгірова, қазақ халқының кемеңгер жазушысы Сапарғали Бегалиннің ұлы кинематографист Бегалин Қасым Сапарғалиұлы қатысты. Сонымен қатар, факультетіміздің деканы Т.М.Шалахметова және декан орынбасары А.Е.Ережепов, биотехнология кафедрасының профессоры б.ғ.д., А.А.Жұбанова және т.б. қонақтар қатысты.Кеш І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмінің көрсетілуімен басталды. Сөз алған Саят Ілиясұлы студент жастарға Ілияс Жансүгіровтың өмірі, жазушының М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы және жазықсыз жазаға ұшыраған жылдары туралы айтып, ескі қолжазбалары мен соңғы шыққан еңбектерімен таныстырды.

Кеш барысында «Құлагер» фильмінен үзінді көрсетіліп, кинематографист Бегалин Қасым Сапарғалиұлы фильмінің шығу тарихымен таныстырды. «Биотехнология» мамандығының студенттері өмір шындығын айшықтай өрнектеген поэмасын оқып, Ақан серінің Құлагерді жоқтау кезінен көріністер қойды.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік тойына 20 тарту

07.12.2011

5 желтоқсан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен ректорат мәжілісінің кеңейтілген отырысында химия және химиялық технология факультетінде «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 инновация» атты халықаралық форум аясында «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен стратегиялық дамуының басым бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Халықаралық басқосуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнап жыл бойы жүргізген 20 инновациялық жобасының жұмысы қорытындыланды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Жастар күні «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандары дипломдармен марапатталды.

05.12.2011

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күндер шеңберінде 3 желтоқсан «Жастар» күні деп жарияланды. Осы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандарын дипломмен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

«Болашақ біздің қолымызда!» атты Тәуелсіздік құрдастарының Республикалық Жастар форумы өтті

03.12.2011

Астанада Қазақстан Жастар Конгресінің ұйымдастыруымен «Болашақ біздің қолымызда!» атты жастар форумы өтті. Форумға әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің белсенді жастары арнайы қатысып қайтты.

Еліміздің бас қаласы Қазақстан жастарының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мен Тәуелсіздікте жеткен жетістер мен белестерді нығайту оны мық бекіту форумның басты мақсаты болды. Форумда белгілі болғандай енді қазақстанда «3 желтоқсан – Жастар күні» болып жарияланды

Еліміздің елеулі оқиғасы –Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жастар форумында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшылар арасында ҚазҰУ-дың үлкен делагациясы айрықша көзге түсті. Секция жұмыстарында түрлі ой айтып, пікір алмасып, ұсыныстар жасаған қазұулықтар басқа өңірден келген жастарға үлгі болды.

Ары қарай оқу >>

ARCADE ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН СҰРАНЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ АШЫЛДЫ!

02.12.2011

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, ұстаздары мен қызметкерлері!

ARCADE, академиялық мобильді халықаралық жобаға қатысушылар Erasmus Mundus еурокомиссиясының бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған бұл жобаға академиялық мобильді бағдарламаның әр түрлі ұзақтығы негізінде, яғни университетте ұзақтығына байланысты курсқа қатысатын қатысушылар қатысады.

Сонымен қатар, қатысушылар назарына өзіндік бағдарламалар ұсынылады, яғни дәрежені және академиялық алмасу бағдарламаларды алу үшін бағытталған.

Оқуға бағытталған тақырыптар:

Ары қарай оқу >>

«20 жылдыққа – 20 инновация» жобасын қортындыланады

02.12.2011

5 желтоқсан сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен химия және химиялық технология факультетінде «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 инновация» атты халықаралық форум аясында «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен стратегиялық дамуының басым бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Форум және конференция жұмысына дипломатиялық мектеп, шетелдік университет ғалымдары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының өкілдері, халықаралық қорлар мен ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының, ғылым мекемелерінің басшылары және оқытушы-профессорлар құрамы қатысады.

Конференцияның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін, ғылыми-инновациялық, әлеуметтік және қоғамдағы индустриалды-техникалық модерницациясын насихаттау және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «20 жылдыққа – 20 инновация» жобасын қортындылау.

Ары қарай оқу >>

Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сын көзқарас пен перспективалар» атты көшбасшылық дәрісі өтеді

02.12.2011

Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сын көзқарас пен перспективалар» атты көшбасшылық дәрісіне халықаралық қатынастар мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларын және қатысуға ниет білдіргендердің барлығын шақырамыз.

Дәріс ҚР-ның тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып, Орталық Азия мен Қазақстандағы тұрақсыздық және қауіпсіздік мәселелеріне арналады.

Дәріс 2011 жылдың 6 желтоқсанында, сағат 14.10, биология факультетінің үлкен акт залында басталады.

Ары қарай оқу >>