Жаңалықтар

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл!»

15.12.2011

14 желтоқсан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл!» атты тақырыпта биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы доценті Н.З.Ахтаева мен оқытушы А.Т. Мамурова өздері кураторлық ететін топ студенттеріне мерекелік іс-шара өткізді. Бұл жолғы кураторлық сабақ жастардың көкжиегін кеңейту масақтында аудиториядан тыс мекенде орын алды. Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының ұйымдастыруымен Алматы қалалық жұмыспен қамту және «Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Самал» Пансионатында жоғарыда аталған топ мерекелік іс-шара өткізді. Аталмыш іс шараны 2-курс студенттері Мерей Оразбекова мен Гүлназ Ахметова: «Құрметті көпті көрген қарттар және көреремендер еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға бұйырып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық» деп салтанатты кешті ашық деп жариялады.

Ары қарай оқу >>

Қолданбалы Лингвистика және мәдениаралық коммуникация орталығы грантқа ие болды

15.12.2011

Қолданбалы Лингвистика және мәдениаралық коммуникация орталығы АҚШ Департаментімен қаржыландырылған English Access Microscholarship бағдарламасы бойынша 20000 $ грант ұтысына ие болды.

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілер Кеңесінің кейстерін қорғау байқауы өтеді

14.12.2011

«Ашық кафедра» жобасы және Global Class-тың құрметті тыңдармандары! KPMG компаниясы университет аралық бизнес-кейс «KPMG Case Competition» сайысын өткізеді. Берілген сайыс болашақта халықаралық өндірістерде жұмыс қарастыратын жоғары курс студенттеріне арналған. Сайыс студенттердің кейстің тиімді шешімін табу үшін білімін тереңдетіп, сараптамалық қабілетін, топта жұмыс істеу шеберлігін пайдалануға көмек береді.

Ары қарай оқу >>

Огайо штаты (АҚШ) мемлекеттік университетінің профессоры Петрик Джеймстің лидерлік лекциясы

14.12.2011

Огайо штаты (АҚШ) мемлекеттік университетінің профессоры Петрик Джеймс «Gratuitous Evil and the Existence of God» тақырыбында лидерлік дәріс оқыды. Профессор Петрик Джеймс 17-18 ғасырлардағы философия тарихы және дін философиясы салалары бойынша танымал ғалым.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың рухани жаңғыруы мен инновациялық дамуында Ақсақалдар кеңесінің рөлі зор

13.12.2011

13 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ақсақалдар кеңесі өтті. Бұл кеңестің құрамында профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соғыс және еңбек ардагерлері қоғамының тұрақты төрағасы Ғаббас Жұматов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Сұлтан Сартаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі Мейірхан Әбділдин, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Майя Шигаева, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Тұрсынбек Кәкішев, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Әбілфайыз Ыдырысов, профессор Уахит Шәлекенов және ҚазҰУ Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, химия ғылымдарының докторы, професор ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Зұлқайыр Мансұров және тағы басқа ғалымдар бар. Қара шаңырақта былтыр құрылған кеңестің бұл отырысында бір жылғы жасалынған жұмыстар қорытындыланып, атқарылған істердің есебі тыңдалды. Әлемдік тоу-университеттер қатарынан орын алған білім ордасының биік белестеріндегі Ақсақалдар кеңесінің рөлі сараланды. Отырыс ақсақалдар кеңесінің мүшесі болған заңғар ғалым Салық Зимановты бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Қазыналы қариялармен ақылдасып, тәжірибе алмасу – келісіп пішкен тонның келте болмайтындығына дәлел екендігін ескерген ҚазҰУ басшысы Ғалым Мұтанов ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысында жасалынған ұсыныстар мен бастамалардың орындалу дәрежесі қандай деген сұраққа тоқталып, «ҚазҰУ-дың 2011 жылы жеткен жетістіктері» тақырыбында баяндама жасады. Ақсақалдармен ақылдасу, кеңес тілегіне құлақ түру өз пайдасын әкелетініне сенім артты. Ал Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева, бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев Ақсақалдар кеңесі шешімдерінің орындалу барысымен таныстырды. Ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысынан кейін Гуманитарлық ғылым саласындағы басым бағыттарды дамыту мақсатындағы арнайы гуманитарлық кеңес құрылған болатын. Осы орайда бүгінде ҚазҰУ-да осы кеңес аясында Әлеуметтік-гуманитарлық білім саласында ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша комиссия, Корпоративті мәдениетті дамыту бойынша комиссия, Гуманитарлық ортаны дамыту мәселелері бойынша комиссия, Пәнаралық байланыстарды дамыту бойынша комиссия, Студенттердің тілдік даярлығы мәселелері бойынша комиссия және ҚазҰУ оқытушысы мен ғалымының позитивті имиджін дамыту бойынша комиссия жұмыс жасап жатқандығы айтылды. Жыл ағымында Кеңес Оқытушының корпоративті мәдениет кодексі, Студенттің ар-намыс кодексі, ҚазҰУ оқытушысы туралы ереже және ҚазҰУ студенті туралы ереже сияқты маңызды құжаттарды әзірледі. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың әр студенті оқып шығуы міндетті болып табылатын 100 әдеби шығарманың тізімі талқыланды», - дейді.

Ары қарай оқу >>

Кастамону университетінің ректоры ҚазҰУ-да қонақта

13.12.2011

13 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтановтың Түркияның Кастамону университетінің ректоры Сейт Айдынмен кездесуі өтті. Кездесу ҚазҰУ мұражайын аралап, танысуымен басталды.

Ары қарай оқу >>

АҚШ-тың Бас консулы Майкл Сноуден студенттермен кездесті

13.12.2011

12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Бас консулы Майкл Сноуденмен кездесу өтті. «Талейран» Дипломатиялық клубы мен америкалықтар қауымдастығы аталмыш Елші сағатының ұйымдастыруға мұрындық танытты.

Кездесуде Бас консул мырза бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың хал-ахуалына қатысты дәріс оқыды әрі бұл тұстағы тұрақты даму мәселесіне баса тоқталды. Кейін кездесудің барысы тыңдаушылардың арасындағы қызу пікірталасқа ұласты. Студенттер қонаққа өздерін қызықтырып жүрген академиялық жылдамдылық шеңберіндегі бағдарламалар, Орталық Азия аймағындағы халықаралық ұйымдардың маңызы, әрі Майкл Сноуденнің дипломат ретіндегі қалыптасуы туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетіндегі лидерлік дәріс

13.12.2011

Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сыни шолулар және болашағы» тақырыбындағы лидерлік дәрісі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдық қарсаңында халықаралық қатынастар факультетінде өткізілді. Дәріс Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне және Қазақстанның аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне арналды.

Ары қарай оқу >>

Азаттықтың 20 жылдығын жырлайды

10.12.2011

«Ұлт үшін азаттық пен тәуелсіздіктен артық тағы қандай қасиетті нәрсе болмақ?!» - деп алты алаштың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай айтқандай, өзекті өртер өкінішті сәттерді бастан кешіріп, қас тағдырдың қиқаңына қарсы тұра тәуелсіздіктің қыранын қалықтатқан қазақ үшін азаттықтан артық ұлы ұғым болмақ емес.

Міне, осы ел Егемендігінің 20 жылдығына орай желтоқсанның 9 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Ардағым – Ата жұрт» атты жыр мүшайрасы болып өтті. Шараны ұйымдастырушылар – ф.ғ.д., профессор Қанипаш Мәдібаева жетекшілік еткен «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар клубы. Таланттардың туындыларына Қазақстан Жастар одағы және халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Қасымхан Бегманов, республикалық «Қазақ қызы» журналының бас редакторы Еңлік Ерболқызы, «Ұлан» газетінің бас редакторы Есей Жеңісұлы, белгілі ақын-журналист Серік Сейітман, «Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары Абылайхан Қалназар, ф.ғ.к., доцент Сәлима Қалқабаева, «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы, ұлтын сүйген және ұлты сүйген Қымбат Әбілдақызы сынды белді азаматтар мен азаматшалар өзара талқыға салып, таразылық етті. Жыр жампоздары додасының алғашқы сөзі ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлына берілді. Ол: «Филология факультеті – ақандардың, жазушылар мен өнерпаздардың факультеті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және Ай-Ару клубының құрметіне «сөз патшасы – өлеңге» арналған жыр мүшәйрасы өткізілуде. Осындай щаралар қашан да көп болғай,» - деп өз лебізін білдірді.

Ары қарай оқу >>

12 желтоқсанда Колумбия университетінің Global Classroom жобасы бойынша сертификаттарды ресми түрде табыстау салтанаты өтеді

09.12.2011

12 желтоқсанда сағ. 15.00-де, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорат мәжілісінде (әкімшілік ғимаратының 15-қабаты) Колумбия университетінің Global Classroom жобасы бойынша сертификаттарды ресми түрде табыстау салтанаты өтеді.

Ары қарай оқу >>