Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сын көзқарас пен перспективалар» атты көшбасшылық дәрісі өтеді

02.12.2011

Көрулер: 2371

Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сын көзқарас пен перспективалар» атты көшбасшылық дәрісіне халықаралық қатынастар мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларын және қатысуға ниет білдіргендердің барлығын шақырамыз.

Дәріс ҚР-ның тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып, Орталық Азия мен Қазақстандағы тұрақсыздық және қауіпсіздік мәселелеріне арналады.

Дәріс 2011 жылдың 6 желтоқсанында, сағат 14.10, биология факультетінің үлкен акт залында басталады.

Вульф Лапинс – Орталық Азия елдеріндегі Фридрих Эберт қорының шеф-координаторы, ҚазҰУ шақырылған профессоры (қоғамдық негізде), Бундесвер университетінің профессоры (Мюнхен). Фридрих Эберт қоры 1995 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әріптесі болып табылады да Халықаралық қатынастар факультетімен тығыз ынтымақтастықта.

Ұйымдастырушылар: Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы және халықаралық қатынастар факультетінің германдық зерттеулер орталығы.

Байланыстар: (13-36) http://www.fes.de/

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы