«20 жылдыққа – 20 инновация» жобасын қортындыланады

2-жел-11

Көрулер: 1839

5 желтоқсан сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен химия және химиялық технология факультетінде «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 инновация» атты халықаралық форум аясында «Егеменді Қазақстан: жетістіктері мен стратегиялық дамуының басым бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Форум және конференция жұмысына дипломатиялық мектеп, шетелдік университет ғалымдары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының өкілдері, халықаралық қорлар мен ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының, ғылым мекемелерінің басшылары және оқытушы-профессорлар құрамы қатысады.

Конференцияның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін, ғылыми-инновациялық, әлеуметтік және қоғамдағы индустриалды-техникалық модерницациясын насихаттау және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «20 жылдыққа – 20 инновация» жобасын қортындылау.

Конференцияда білім және ғылым саласының заманауи және өзекті мәселелері, зайырлы мемлекеттің дамуындағы саяси-әлеуметтік және экономикалық жаңғыру аспектісі, зайырлы Қазақстанның әлеуметтік-мәдени модернизациялануының философиялық-діни, әлеуметтік-саяси аспектісі және қоғамның зияткерлік капиталы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи ғылымы: тұжырымдамалық мәселелері, жетістіктері мен дамуы; Егеменді Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен әлеуметтік-мәдени дамуының конституциялық-құқықтық тұрғыда қамтамасыз етілу мәселелері мен болашағы сияқты бірнеше өзекті тақырыптар қаралады.

Өтетін мекен-жайы:

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби, 71

Химия және химиялық технология факультетінің Малахит залы

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі