ҚазҰУ-да Жастар күні «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандары дипломдармен марапатталды.

5-жел-11

Көрулер: 1876

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күндер шеңберінде 3 желтоқсан «Жастар» күні деп жарияланды. Осы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандарын дипломмен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Оқу жылы басталуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 475 студенттері «Болашақ» бағдарлама түлектерінің, ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компания топ-менеджерлерінің инновациялық дәрістерін тыңдап шықты. «Ашық кафедра» жобаның дәрісшілері халықаралық теориялық және тәжірибелік біліммен студенттермен бөлісті. Барлық дәріс ағылшын тілінде оқылды. Инновациялық және интерактивтік оқыту әдістері, кейс-стади әдісті қолдану, жобаны өңдеу, топтарда жұмыс істеу, интернет жүйесімен жұмыс істеу, қашықтықтан оқыту және вебинардар.

Бағдарламаға қатысып, студенттер аналитикалық және шығармашылық әдістерді, презентация жасау және әңгімелесу дағдыларын, командада жұмыс істеу әдістерін дамытады, идеяны іске асыру шығармашылық пікірге үйренеді және халықаралық стандарттар бойынша ғылыми жобалар жазу тәжірибесін алады. Сонымен қатар, «Ашық кафедра» жобасы студенттерге экономика, социология, білім, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологиялар саласында инновациялық жобаларды дербес іске асыруға мүмкіншілік береді.

Сонымен қатар жоба шеңберінде «Career Mentoring» («Мансап жетекшісі») бағдарламасы тиімді қолдануда, соңғы курс студенттеріне бағытталған. Бағдарлама тәжірибелі түлектерге өз мансабына қалай қол жеткізуге тікелей жол ашып кеңес береді. Студенттер өз жетекшілерімен электрондық пошта арқылы өндіріс орындарында немесе бірегейлік акция өткізу кезінде қатынаса алады.

«Ашық кафедра» дипломдарымен марапаттау рәсімі – өте маңызды уақиға алдында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы шеңберінде «20 жұлдызды күн Тәуелсіздіктің 20 шыңы» алдында өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға арнаған жолдауында, «Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын құрушылар - сендер. Сіздер жаңа ұрпақ әлі бағынбаған шыңдарды бығындыратын. Сіздердің күш-қайраттарын Қазақстанға керек», - деген болатын.

Бүгін «Ашық кафедра» жобасы – Тәуелсіздіктің кезекті шыңы деп сеніммен айтуға болады.

Мансап және бизнес секторы