Жаңалықтар

«Келді ғой, замандастар, бізге кезек» атты ақындар айтысы өтті

02.12.2011

Жақында ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай қазақ әдебиетінің тарихы және әдебиет териясы кафедрасы жанынан құрылған «Жәдігер» клубының ұйымдастыруымен «Келді ғой, замандастар, бізге кезек» атты ақындар айтысы өтті.

Бүгінгі қазақ айтысының азулы арыстандары шыққан филология және журналистика факультеттері осы өнердің алтын бесігі десек артық болмас. Айтысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты да осы дәстүрді студенттер арасында қайта жаңғырту, насихаттау болатын. Көпшілік асыға күткен айтыста ақындардың еркін тақырыпта көсіліп айтуларына мүмкіндік берілді. Бүгінде айтыс өнерінің көркін қыздырып, қара сөзден қамшы өріп жүрген Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Дәулеткерей Кәпұлы сынды ақындар тәлім алған факультеттердегі дәстүрдің жандануына бұл айтыстың қосар үлесі мол. Додаға журналистика факультетінен Рауан Қайдаров, Орынбасар Бақытбекұлы, Амангелді Сейітхан секіді талантты ақындар сөз сайысына шықса, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің намысын Манас Қайыртайұлы, Дәмелі Біләлқызы, Салтанат Мінәйхан, Марғұлан Ақан сынды ақындар қорғады. Дайындық факультетінің тыңдаушысы Қали Сапаұлы да айтысқа жиналған көрерменнің көзайымына айналды. Жас та болса елдің сөзін көркем оймен кестелеп, алды үлкен сахналардан көрініп жүрген ақындардың айтысына филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті тарихы және әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Өмірхан Әбдиманұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қанипаш Мәдібай, журналистика факультетінің аға оқытушысы, белігілі ақын Мұрат Шаймаран және осы білім ошағының аға оқытушысы, жазушы Қойшыбек Мүбәрак төрелік етті.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ дипломаты - Нәзір Төреқұлов»

02.12.2011

30 қарашада халықаралық қатынастар факультетінде «Дипломатиялық миссия» студенттер ұйымы және 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қазақ дипломаты - Нәзір Төреқұлов» атты ұлы тұлғаны еске алу кеші өткізілді.

Кешке халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары мен 2,3,4 курс студенттері белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздігіміздің 20 жұлдызды күндері аясында «Ашық кафедра» жобасының салтанатты марапаттауы өтеді

02.12.2011

3 желтоқсан күні сағат 11:00-де, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күндер шеңберінде «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаcының алғашқы тыңдармандарына дипломмен салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Туризм кафедрасына - 15 жыл!

02.12.2011

1 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы және туризм кафедрасының 15 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараларды 4 курс студенттері мен туризм және спортты дамыту «ЖасТур» жастар клубы ұйымдастырды.

Салтанатты кеште география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы г.ғ.д., профессор В.Г.Сальников, туризм кафедрасының негізін құрушы г.ғ.д., профессор С.Р.Ердаулетов және кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент А.М.Артемьев құттықтау сөздерін жеткізіп, лебіздерін білдірді. Кеште емтиханды жақсы тапсырған студенттер GDS Abacus International халықаралық сертификатымен және фирма сыйлықтарымен марапатталды. Abacus Central Asia директоры П.Н.Спицин ҚазҰУ-мен, соның ішінде туризм кафедрасымен ынтымақтастық өте жемісті және табысты жалғасып келе жатқандығын ерекше атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде «Зерттеу университетіндегі шығыстанудың рөлі мен орны» талқыланды

01.12.2011

30 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Зерттеу университетіндегі шығыстанудың рөлі мен орны» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты жыр-кеші өтті

01.12.2011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткізіліп отырған «Тәуелсіздік күнделігі» бойынша 2011 жылғы 30 қараша «Келісім» күні болып белгіленген. Осыған орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен университетте білім алатын өзге ұлт өкілдері студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты жыр-кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

«16-желтоқсанға 16-күн қалды»

30.11.2011

Тəуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарасаңында Тәрбие жөніндегі департаменттің қолдауымен биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасында «16-желтоқсанға 16-күн қалды» атты тақырыпта ашық эдвайзерлік сағаты өтті.

Аталмыш кафедра оқытушысы б.ғ.к. А.Т.Мамурованың кураторлық топтарының (ЭКО105,106) ұйымдастыруымен өткен акцияда мейрамның рухын "16 желтоқсан" деп жазылған ашық көгілдір түсті әуе шарлары әрлей түсті. Акцияның негізгі кезеңі викториналық сұрақ-жауап болды.

Мерекелік іс шара 30 қараша күні сағат 8.30 да университеттің бас ғимаратында және биология факультетінде басталды. Кіре берістен көтеріңкі көңіл-күймен күтіп алған студенттер әрбір кірген университет қызметкерлеріне, оқытушылар мен студенттерге сауалнама ретінде Қазақстан тарихы және 20 жылдағы жеткен жетістіктеріміз жайлы сұрақтар қойды. Әрбір жауап берген қызметкер, студент арнайы сыйлықтарға ие болды. Бұл мерекелік іс-шараға студенттерден басқа ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов бастаған, проректорлар, департамент директорлары, кадр бөлімінің бастығы, тәрбие жұмысы жөніндегі департамент ұжымы, факультет декандары қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Тəуелсіздік жылдары – ел тарихының жарқын беті» атты тақырыптық куратор-эдвайзерлік кеш

29.11.2011

26 қараша 2011 жылы Рекреациялық география жəне туризм кафедрасының
2 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 20 жылдығына
арналған «Тəуелсіздік жылдары – ел тарихының жарқын беті» атты тақырыптық
куратор-эдвайзерлік кешті өткізді. Кешке география жəне табиғатты пайдалану
факультетінің оқытушылар мен студенттері қатысты.
Өткізілген кештің мақсаты студенттер бойында ұлтжандылық сезімді ояту, туған
жерге махаббатын нығайту, тəуелсіз Қазақстанның тарихының жарқын беттерін
көрсету болды.

Ары қарай оқу >>

Инновацияны дамытуда австриялық тәжірибе – тренинг

29.11.2011

1 желтоқсан сағат 16.00-де ҚазҰУ физика техникалық факультетінің №1 дәріс залында «Зерттеуші оқу орындары мен инновация – Қазақстанда австриялық тәжірибені пайдалану мүмкіндігі» атты инновациялық тренингін өтеді.

Тренингті «Болашақ» бағдарламасының түлегі ф.м.ғ.к. Нұржан Шарипқызы Әлжанова жүргізеді.

Ары қарай оқу >>

Огайо университетінің профессоры Петрик Джеймстің көшбасшылық дәрісіне шақырады

29.11.2011

30 қазан сағат 16.00-де философия және саясаттану факультеті философия кафедрасы барлық қатысуға ниет білдірген дерді танымал америкалық ғалым, Огайо университетінің профессоры Петрик Джеймстің «Gratuitous Evil and the Existence of God» көшбасшылық дәрісіне шақырады.

Ары қарай оқу >>