ARCADE ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН СҰРАНЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ АШЫЛДЫ!

2-жел-11

Көрулер: 2909

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, ұстаздары мен қызметкерлері!

ARCADE, академиялық мобильді халықаралық жобаға қатысушылар Erasmus Mundus еурокомиссиясының бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған бұл жобаға академиялық мобильді бағдарламаның әр түрлі ұзақтығы негізінде, яғни университетте ұзақтығына байланысты курсқа қатысатын қатысушылар қатысады.

Сонымен қатар, қатысушылар назарына өзіндік бағдарламалар ұсынылады, яғни дәрежені және академиялық алмасу бағдарламаларды алу үшін бағытталған.

Оқуға бағытталған тақырыптар:

- Агрономия;

- Архитектура, қалалық және ауылдық жоспарлау;

- Бизнес, Басқару;

- Білім алу, Оқыту;

- Инженерия, Технология;

- География, Геология;

- Құқық;

- Қоғамдық ғылымдар.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін міндетті түрде http://www.arcade.polito.it/application сайтындағы (application) үлгісін он-лайнда отырып толтырыңыз.

Толтырылған мәлімдемені 2012 ЖЫЛДЫҢ 31 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН жіберулеріңіз керек.

Жоба туралы толық мәліметті мына сайтынан: http://www.kaznu.kz/ru/11050/page немесе мына мекен-жайдан: http://www.arcade.polito.it алуға болады.

Сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасындағы жоба үйлестірушісіне, Мемлекет және құқық Институтының директорының орынбасары, з.ғ.к. Локтева Ю.С. (ректорат, 206 каб.) немесе үйлестірушінің көмекшісіне Эдлина Ю.Р. (ректорат, 207 каб.), тел.: +7 (727) 377 35 48 хабарласуларыңызға болады.