Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ КАФЕДРАСЫНЫҢ Ф.-М. Ғ. Д., ПРОФЕССОРЫ ТЕМІРБЕКОВ Н.М. ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ СІҢІРГЕН «ЕРЕН ЕҢБЕГІ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

27.10.2023

24.10.2023 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика куні Ұлттық мерекесіне орай салатантты шара өтті. Мерекелік кешке Әл-Фараби атындағы Қаз¥У-дың Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Туймебаев, зиялы қауым өкілдері, оқу ордасының оқытушылары мен білім алушы жастары қатысты.

Ары қарай оқу >>

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ Н. М. ТЕМІРБЕКОВ ЕФИМ ЗЕЛЬМАНОВПЕН КЕЗДЕСТІ.

24.10.2023

China-Central Asia Forum in Mathematics және "Belt & Road Mathematics Center of China" жобасы аясында математика және модельдеу институтында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессоры Н.М. Темірбековпен Ресей Федерациясы Ұлттық Ғылым академиясының академигі және Қытай Ғылым академиясының академигі, Филдсов сыйлығының лауреаты, Оңтүстік ғылым және технологиялар университетінің профессоры Ефим Зельманов кездесті.

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕ CHINA–CENTRAL ASIA FORUM IN MATHEMATICS АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

23.10.2023

China–Central Asia Forum in Mathematics аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінде декан У. С. Әбдібековтың, деканның орынбасары және кафедра меңгерушілерінің, оның ішінде математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Бектемесовтың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Ресей Федерациясының Ұлттық Ғылым академиясының, Қытай Ғылым академиясының өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ ЕСЕП САБИРОВА Ю.Ф.

20.10.2023

2023 жылғы 12 қазанда кафедраның ғылыми семинары аясында екінші курс докторанты Сабирова Ю.Ф. "Cызықтық емес lеформацияланатын жүйелердің динамикасы мен дірілден қорғанысын модельдеу" тақырыбындағы зерттеу тәжірибесі туралы есебі тыңдалып, қабылданды.

Ары қарай оқу >>

ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІ (TWMS CONGRESS-2023)

13.10.2023

 2023 жылғы 20-23 қыркүйекте Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресін (TWMS Congress-2023) өткізді.

Ары қарай оқу >>

Асқар Құдайбергенов Венгрияның Берн қаласында өткен "6th European Conference on Mathematics and Computers in Science and Engineering, MACSE" ғылыми конференциясына қатысты

19.09.2023

Асқар Қанатұлы Құдайбергенов 2023 жылғы 26 маусым мен 4 шілде аралығында Швейцарияның Берн қаласында  шетелдік ғылыми іссапарда болып, онда "On Nonlinear Spatial Vibrations of Rotating Drill String under the Effect of a Fluid Flow " баяндамасымен ғылыми конференцияға (6th European Conference on Mathematics and Computers in Science and Engineering, MACSE) қатысты.

Ары қарай оқу >>

Сабирова Юлия Ұлыбританияның Абердин университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

19.09.2023

2023 жылғы 28 сәуір мен 2023 жылғы 1 тамыз аралығында Шахмардан Есенов қорының жеңіп алған гранты шеңберінде МКМ мамандығының 1 курс PhD докторанты Юлия Фархатқызы Сабированың шетелдік ғылыми іссапары өтті. Тағылымдама Абердин университетінде өтті, Абердин, Ұлыбритания.

Ары қарай оқу >>