Халықаралық жобалар мен зерттеулер

Кафедра оқытушылары MEDIS- Индустриялық Информатика жобалау және дамыту әдістемесін дайындайтын жоғары деңгейде білікті инженер даярлауға арналған халықаралық жобаға қатысады

Жобаның мақсаты серіктес жоғары оқу орындарымен бірігіп, инженерлік мамандықтар бағдарламасын өнеркәсіптік ақпараттық жүйелерді, өнеркәсіптік компьютерлер және мобильді платформаларды пайдаланып, Инженерлік жобалау және дамыту саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған «Өнеркәсіптік Информатика (AIISM енгізу арқылы )» магистратура оқу бағдарламасын жетілдіру.

Бірлескен Еуропалық Жоба ТЕМПУС 543808 «Pictet. Ресей мен Қазақстанның ұлттық біліктілік жүйесінің негізінде кәсіби білім беруді дамыту»

Жоба сайты www.tpictet.com

Жобаның мақсаты:

• Еуропалық көзқарасқа негізделген, Ресей мен Қазақстанның ИКТ біліктілігінің негізін әзірлеу.

• Еуропалық сапаны бақылау тетіктеріне негізделген кәсіби ИКТ білім беру жүйесін құру.

• Қазақстан мен Ресей компьютерлік білімнің оқу орталықтарының желісін құру.

• Жобаны іске асыру барысында алынған нәтижелерді орыс және қазақ жоғары оқу орындарына тарату.