Жалпы мәліметтер

Кафедрамызда халықаралық ынтымақтастық келесідей университеттермен, соның ішінде біріктірілген жобалар, ғылыми іс-сапарлар, жұмыс семинарлары қарқынды дамуда:

  • Lisbon university, Portugal
  • University of Manchester, Great Britain
  • University of Keele, Keele, Great Britain
  • First university of Leeds, Leeds, England
  • Корнельский университет, Итака, США
    • Университет Сайтамы, Сайтама, Япония
  • University of Reading, Reading, Great Britain
  • Калифорнийский университет, Ирвин, США
  • University of Rome "La Sapienza", Roma, Italy
  • Институт «Нефти и газа» им. Губкина, Россия
  • Калифорнийский университет, Сан-Диего, США
  • Institute of Aerodynamics RWTH Aachen, Germany
  • Университет аэродинамики, Штутгарт, Германия
  • Институт гидродинамики, г.Новосибирск, Россия
  • Институт физики атмосферы РАН, Москва, Россия
  • Калифорнийский университет, Лос-Анджелес, США
  • Делфтский технологический университет, Нидерланды
  • University of Newcastle upon Tyne, Newcastle upon Tyne, Great Britain
  • Институт вычислительных технологий СО РАН, г.Новосибирск, Россия
  • Институт вычислительной математики и математической геофизики СО РАН, г. Новосибирск, Россия

Кафедра қызметкерлері шет мемлекеттерге іс-сапарларға барады, халықаралық конференцияларға қатысады. Сонымен қатар кафедрада мемлекет бағдарламасы («Алдыңғы қатарлы шетел ғалымдарын тарту») бойынша алдыңғы қатарлы университеттердің профессорлары шақыртылып, дәріс оқуда.

2013 жылы Британдық Keele Universityмен екі дипломдық жоба туралы келіссөзге қол қойылды

Кафедраның бірнеше қызметкерлері біліктілікті арттыру мақсатында Англия, Германия, АҚШ, Жапония, Солтүстік Корея, Ресей және т.б. елдерде тәжірибеден өтті.

Жоғары өнімді есептеулер KazNU-INTEL орталығының негізгі мақсатының бірі – Intel корпорациясының мамандарының қатысуымен ашық дәрістердің, семинарлардың өткізілуі. Аталған ғылыми орталық Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика – математика факультеті мен Математика және механика Ғылыми Зерттеу Институтының ұсынысы бойынша ашылған. Бұл жөнінде 2014 жылдың 26 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов пен Intel корпорациясының Ресей және СНГ бойынша кәсіпкерлікті дамыту жайлы департаментінің директоры А.В.Авдеев арасында іскерлік туралы келісім шартқа қол қойылған. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Intel компаниясының бірлескен жұмысы университетіміздің заманауи білім беру технологияларын даярлауда, дамытуда, жас мамандардың біліктілігін арттыруда үлкен рөл атқармақ.