Асқар Құдайбергенов Венгрияның Берн қаласында өткен "6th European Conference on Mathematics and Computers in Science and Engineering, MACSE" ғылыми конференциясына қатысты

19-қыр-23

Көрулер: 389

Асқар Қанатұлы Құдайбергенов 2023 жылғы 26 маусым мен 4 шілде аралығында Швейцарияның Берн қаласында AP09261135 «Өндіруші өнеркәсіпте ұңғымаларды бұрғылау мәселелерін шешу үшін сызықтық емес математикалық модельдер мен бағдарламалық модульдерді әзірлеу» гранттық қаржыландыру жобасы аясында дайындалған шетелдік ғылыми іссапарда болып, онда "On Nonlinear Spatial Vibrations of Rotating Drill String under the Effect of a Fluid Flow " баяндамасымен ғылыми конференцияға (6th European Conference on Mathematics and Computers in Science and Engineering, MACSE) қатысты, сондай-ақ WSEAS Transactions on Applied and Theoretical Mechanics (Vol. 18, pp. 75-83) ғылыми журналында , Scopus дерекқорымен индекстелген "On Nonlinear Spatial Vibrations of Rotating Drill String under the Effect of a Fluid Flow " мақаласы жарияланды.

Сонымен қатар, шетелдік іссапар кезінде жалпыланған математикалық модель үшін бұрғылау бағанының қозғалысының тұрақсыздық аймақтарының амплитудалық-жиілік сипаттамаларын (АХЖ) және сипаттамалық детерминанттарын анықтауға байланысты № AP09261135 ғылыми жобасы бойынша жұмыс жалғастырылды.