Қайырымдылық қызметі

11.12.2019жылы МКМ кафедрасының оқытушылары мен 4 курс студенттері  «Алматы қаласының психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі орталығы» тұратын балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтау үшін барды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды. Барлық студенттер ұйымдастыру мен дайындық жұмыстарында белсенділік танытты. Біз балаларды қуанттық, олармен сөйлестік, ойнадық және биледік. Балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарды көруге қуанышты болды. Бұл іс-шара студенттердің жанашырлық, мейірімділік және жақындарына қамқорлық жасау сияқты жақсы қасиеттерін ашты.