ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІ (TWMS CONGRESS-2023)

13-қаз-23

Көрулер: 303

  2023 жылғы 20-23 қыркүйекте Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресін (TWMS Congress-2023) өткізді.

Конгресстің негізгі мақсаты-ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде математика, Ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдануға жәрдемдесу.

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы конференция ұйымдастырушыларының құрамына кірді. Бағдарлама комитетінің мүшесі: ф.-м. ғ. д., профессор Бектемесов М. А.. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: ф.-м. ғ. д., профессор Темірбеков Н.М. ұйымдастыру комитетінің мүшелері: ф. ғ. д., профессор Әбдібеков У. С., PhD Исахов А. А., PhD Бектемесов Ж. М.

     Әлемнің 21 елінен келген ғалымдар тобы белсенді түрде білім мен тәжірибе алмасты. Конгресс аясында Түркістан қаласының тарихи көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.