МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕ CHINA–CENTRAL ASIA FORUM IN MATHEMATICS АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

23-қаз-23

Көрулер: 253

 

China–Central Asia Forum in Mathematics аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінде декан У. С. Әбдібековтың, деканның орынбасары және кафедра меңгерушілерінің, оның ішінде математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Бектемесовтың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Ресей Федерациясының Ұлттық Ғылым академиясының, Қытай Ғылым академиясының өкілдері және келесі университеттердің өкілдері қатысты:

Пекин университеті және SUSTech

Қытай-Ресей математикалық орталығы

Бейжің университетінің Нанчан Инновациялық институты

Сычуань университеті

Шаньдун университетінің қаржылық зерттеулер институты

Цзилинь университеті

Қытай ғылым және технология университетінің Математика ғылымдары мектептері.