Сабақтан тыс өмір

Іс шара атауы
Күні
Іс шара туралы
Фото
Қазақ Ұлттық Университеті Наурыз мейрамын атап өтті
21.04.2018 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Наурыз мейрамы атап өтілді. Механика-математика факультеті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Үздік Киіз Үй" байқауында III орынға ие болғаны үшін марапатталды.
МКМ студенттерінің Есік көліне серуені
15.04.2018 Сəуірдің 15 күні МКМ 17-1 тобының эдвайзері Заманова С.К. өз тобымен Есік көліне серуенге шықты. Студенттік шақтың есте қаларлық сəттерінің бірі болды. Табиғат аясында ас дайындап, əртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, уақытты жақсы өткізді.
КВН команда жүлделі орынға ие болды
06.04.2018 2018 жылғы 6 сәуірде У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында SSP жобасы бойынша КВН механика-математика факультеті мен Химия және химиялық технологиялар факультетінің құрама командасы 200 000 (мың) теңгеге сертификат алды. МКМ кафедрасынан белсенділік танытқан студенттер деканы Кылышбай Алуа @alua_kylyshbay, сондай-ақ 3 курс студенттері Мусина Камила және Шопан Анара @_anarakam_, 4 курс студенті Мақсат Аскар @аскар_максат және басқа да студенттер үлкен қолдау көрсетті.
"Əз-Наурыз" іс - шарасы
20.03.2018 2018 жылдың 20 наурызында "Керемет" студенттер орталығында "Əз-Наурыз" іс - шарасы өтті. Аталған іс-шараға университет ректоры қатысып, əр ауылға қонақ болды. Келген қонақтарға наурыз көже, бауырсақ жəне басқа да тағамдар ұсынылды. Наурыз мерекесіне арналған концерт болды. Студенттер алтыбақан теуіп көңіл көтерді.
Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жыл сайынғы «Студенттік көктем» байқауы өтті
15.03.2018 2018 жылдың 15 наурызы Ұ.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жыл сайынғы «Студенттік көктем» байқауы өтті.
Музыкалық жанрда биылғы жылы «Ел жүрегi - Астана» тақырыбын жариялау қажет болды.
Механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік үлгілеу мамандығының студенттері оның ішінде студенттік деканы Қылышбай Алуа, Жали Гульназ, Зиналатдинов Исламбек,  Сұлтан Бекзат, Мейрагалиева Ляззат, Шопан Анар и Мусина Камила, Бисолтанова Жуказын конкурстың ұйымдастырылуына ерекше үлес қосты.
Халықаралық әйелдер күні
07.03.2018 МКМ мамандығының 2 курс студенттері қыздарды халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекенің құрметіне ән шырқады, қызықты ойындар қойды.

«Студенттік көктем» атты жыл сайынғы байқау

27.02.2018 2018 жылдың 27 ақпанында механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Д.Б. және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Тукеев У.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің факультеттері арасында «Студенттік көктем» атты жыл сайынғы байқауына белсене қатысқан Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының студенті Кенжекулова Мөлдір факультеттің дамуына қосқан үлесі үшін сертификат алды.
"Қызыққа толы мех-мат" атты сайыс
15.02.2018 15.02.2017 , сағат 17:00 де Механика-математика факультетінің сары залында "Қызыққа толы мех-мат" атты сайыс өтті. Информатика, Математика, Механика, МКМ мамандығынан 4 топ қатысып, Математика мамандығының  студенттері І орын, МКМ студенттері ІІ орын, Информатика студенттері ІІІ орынға ие болды. Жанкүйерлер арасында да сайыс жүргізіліп, жеңімпаздарға кішігірім сыйлық берілді.
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында қарттар үйінде концерт қойылды
14.02.2018 14.02.2018 күні механика-математика факультетінің МКМ кафедрасының  аға эдвайзері Абдрахманова Н.Т. мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Абай мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан қарттар үйінде концерт қойылды. Концертте тек студенттер емес қарияларымыз да өз өнерлерін ортаға салды. МКМ кафедрасының оқытушылары мен студенттері қайырымдылық шарасына қаржы жинап, қарттар үйіне кішігірім сыйлық жасады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп, ежелден үлкендерді силап өскен халықпыз. Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсатының бірі – студенттерді әдептілікке, ата-ана борышын  ақтауға, адал болуға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.