Студенттердің оқу практикасы

 "Halyqsoft" ЖШС-де студенттердің практикалық дағдыларын меңгеру

 Механика-математика факультетінің бакалавриат студенттері жаңа білім алуға және өздерінің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылады. Осы мақсатта математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының төртінші курс студенттері (Кайыргожина А. С., Жугунус А. К., Сатканова Э. Ж.) Алматы қаласында "Halyqsoft" ЖШС IT компаниясының базасында өндірістік тәжірибеден өтті.

 Алынған тәжірибенің арқасында студенттер жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерін практикалық қолданумен танысты, SQL құралдары бойынша ақпараттың үлкен көлемін өңдеуді үйренді, сондай-ақ жұмыс процесінің құрылымы мен ұйымдастырылуымен танысты.

«Kcell» АҚ компаниясында студенттердің практикадан өтуі

 Өндірістік тәжірибе аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері елдің ірі компанияларының бірі - "Кселл"АҚ-да тағылымдамадан өтуде.

 Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады.

 "Кселл" АҚ компаниясы және оның Алматы қаласындағы филиалы төртінші курс студенті Даниярова Индира Романовнаны талдау және болжау негіздеріне оқытады. Сонымен қатар, тәжірибе барысында студенттер еліміздің жетекші компанияларына табысты жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін маңызды практикалық дағдыларын алды.

Halyk bank-те бакалавриат студенттерінің практикадан өтуі

 Математика және компьютерлік пішіндеу мамандығының төртінші курс студенттері Маратова Айгерим өндірістік практиканың күнінде практиканың өткізілу жоспарымен танысты және де оның жетекшісі Кази Нұргүл Жеңісқызы келісімімен жеке жоспары талқыланды.

 Студент практикант Маратова А.: "Практика барысында  Экономикалық және нормотивті документтермен жұмыс істеу тәжірибием жоғарылады,  банк құрылым бөлімшелерімен таныстым, банк технологияларымен таныстым,  келесі блоктармен таныстым: «сату»,  «операциялық қызмет көрсету»".