Тәрбиелік ашық сабақтар

Іс шара атауы Күні Іс шара туралы Фото
Кураторлық сағат 22.10.2020

Куратор-эдвайзер Алғожаева Райхан Серікқұлқызы 22.10.2020 жылы МКМ-19-2 тобында «Салауатты өмір салты» тақырыбында кураторлық онлайн сағат өткізді. 

Кураторлық сағат 03.10.2020

Қазан айының 3-жұлдызында “Математикалық және компьютерлік модельдеу”мамандығының 2 курс 4 тобының куратор-эдвайзері Бекжігітова Жаңыл Еламанқызы топқа кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат Microsoft Teams платформасында өтті. Кураторлық сағат аясында, топты 2 курсқа өтулерімен құттықтап, студенттердің үлгерімімен танысқандығы жайлы және жаман еместігін айтты. Қазіргі уақытта өтіп жатқан сабақтардан қандай оқытушы беретіндігін сұрап, сабақты зейін тыңдауларын және сабаққа дең қойып оқуларын айтты. Топта болып жатқан өзгерістермен танысып, студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, оған жауап алды. Жаңыл Еламанқызы жүйемен тағы да таныстырып, келесі курсқа өту үшін жинау керек GPA санымен таныстырды. Және осы мамандықтың қандай бағыттарға бөлінетіндігі жайлы айтып, өз кеңесің берді. Одан кейін, онлайн сабақ уақытын пайдаланып өзге программалау тілдерін үйренуді ұсынды. Осымен кураторлық сағат аяқталды.

Кураторлық сағат  

Куратор эдвайзер Бекжігітова Жаңыл Еламанқызын Мұғалімдер мен білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің қарсаңында “Математикалық және компьютерлік модельдеу” мамандығының 2 курс 4 тобы өз эдвайзерлерін құттықтау үшін ZOOM платформасында онлайн құттықтау өткізді. Студенттер кураторын құттықтап, жалынды тілектер тілеп,жұмысында сәттілік пен табыс болуын қалап,қанатты сөздер айтты.

Кураторлық сағат 18.12.2020

2020 жылдың 18 желтоқсанында куратор-эдвайзер Шахан Нұртөлеу Шаханұлы «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының MKM 17-6A және MKM 17-6Б топтарының студенттеріне «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбы бойынша кураторлық сағат өткізді. Баяндама барысында ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биографиясы қарастырылды, оның өндірістік және саяси қызмет атқаруы айтылды, және сондай-ақ оның мемлекеттің дамуына тигізген үлесі, қазіргі биліктегі және қауымдық өмірдегі рөлі атап айтылды. Жиналыс қашықтан Microsoft Teams программасының көмегімен өткізілді.

Кураторлық сағат  22.12.2020  

Куратор-эдвайзер:                Жунусова Алия 22.12.2020 жылы МКМ-18-7 тобының студенттеріне әр межелік бақылау және аралық бақылау (емтихан) өткізілетінінен үш апта бұрын кредиттік технология бойынша оқу жүйесі және GPA –дің анықталуы жөнінде түсінік-кеңес мәжілістерін онлайн түрде өткізді.

 
Кураторлық сағат  23.12.2020  

Куратор- эдвайзер Ағожаева Райхан Серікқұлқызы 23.12.2020 жылы МКМ-19-2,5 топтарының студенттеріне әр межелік бақылау және аралық бақылау (емтихан) өткізілетінінен үш апта бұрын кредиттік технология бойынша оқу жүйесі және GPA –дің анықталуы жөнінде түсінік-кеңес мәжілістерін онлайн түрде өткізді.

 

Кураторлық сағат  05.09.2020  

Куратор-эдвайзер: Байтелиева Алтын Адилхановна Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша 1-курс қ/б және о/б студенттеріне 05.09.2020 жылы әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің академиялық саясаты туралы түсінік-кеңес мәжілісін онлайн түрде өткізді.

 

Кураторлық сағат

12.11.2020

Куратор-эдвайзер Алғожаева Райхан Серікқұлқызы 12.11.2020 жылы МКМ-19-5 тобында «Туған тілім тірлігімнің айғағы» тақырыбында кураторлық онлайн сағат өткізді.

МКМ кафедрасының 2020-2021 оқу жылының 1 семестр бойынша студенттермен онлайн кездесу өткізу есебі

25.11.2020-26.11.2020

2020 жылдың 25 және 26 қараша күндері «математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 1, 2, 3 және 4 курс студенттерімен кафедра меңгерушісінің оқу-ісі, әдістемелік және тәрбие жөніндегі орныбасары Заманова Сауле Канабековна және аға эдвайзер Алғожаева Райхан Серікқұлқызы онлайн кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты студенттердің қашықтықтан оқыту жүйесінде қандай қиыншылықтар мен мәселелері бар екенін білу тұрғысында жүргізілді.

Әр курстың студенттерімен әр уақытта жеке-жеке кездесу өткізіліп, қандай студент сабаққа не себептен қатыспай жүргендігі анықталды және үлгерімі нашар студенттердің тізімі алынды. Әр топтың куратор-эдвайзерлері осындай мәселелері бар студенттермен хабарласып және ата-аналарына міндетті түрде ескерту керектігі аталып өтті.

Студенттер өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сабақ кезінде туындаған қиыншылықтары, желінің болмай қалуы туралы ойларын айтып, алдағы сессия туралы біраз мағұлыматтар алды. 

 МКМ кафедрасының оқу, әдістеме және тәрбие жөніндегі меңгеруші орынбасары Заманова С.К.

 

 МКМ кафедрасының аға эдвайзері Алғожаева Р.С.

 
 
Кураторлық сағат 01.10.2020 2020 жылдың 1 қазанында куратор-эдвайзер Шахан Нұртөлеу Шаханұлы «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының MKM 17-6A және MKM 17-6Б топтарының 22 студентіне кураторлық сағат өткізді. Әңгімелесу барысында қашықтықтан білім берудің Универ жүйесі, Microsoft Teams, ҚББЖ Moodle, Oqylyq және де басқа технологиялар қарастырылды. Олардың жұмыс істеуінің негізгі принциптері талқыланды. Куратор студенттерді 2020-2021 жылдарға арналған академиялық күнтізбесі туралы хабардар етті және оларға силлабустың жаңа форматының ерекшеліктерін таныстырды. Алдағы оқу жылындағы техникалық жабдықталым мәселесін талқылап, нәтижесінде МКМ 17-6А және МКМ 17-6Б топтарының барлық 22 студентінде интернетке және қашықтықтан білім беру технологияларына қол жеткізе алатындығы анықталды. Жақындап келе жатқан коронавирустың екінші толқыны бойынша және оның алдын алу шаралары мен сақтық шаралар тақырыбы да көтерілді. Жиналыс қашықтан Microsoft Teams программасының көмегімен өткізілді.
Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне байланысты «Ғасыр ақыны» атты кураторлық ашық сабақ 17.02.2018 2018 жылдың ақпан айының 17 жұлдызында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 1 курс студенттерінің қатысуымен Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне байланысты «Ғасыр ақыны» атты кураторлық ашық сабақ өтті, куратор-эдвайзер Қарымсақова Н.Т. Ашық сабақ мақсаты студенттерге өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.
Қапшағай қаласының №3 орта мектебінің оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысы 16.02.2018 2018 жылдың 16 Ақпан күні Қапшағай қаласының №3 орта мектебінің оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілді. Кәсіптік бағдар жұмысы МКМ мамандығының екінші курс докторантымен жүргізілді.
Жас оқытушылар мектебінің кезекті семинары 12.01.2018

2018 жылдың 12 қаңтар күні механика-математика факультетінде университеттің жас педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жас оқытушылар мектебінің кезекті семинары өткізілді. Семинарда келесі тақырыптарға баяндама жасалды:

14.00-14.45. Хакимова Т.Х. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытудың педагогикалық әдістері.

14.45-15.30 Бөрібаев Б.Б. «Программалау пәндерінен зертханалық жұмыстарды өткізу мәселелері».

15.30-16.15 Алимжанова Л.М. Оқу үрдісінде жобалық-бағдарланған әдістер арқылы құзыреттілікті қалыптастыру.

16.15-17.00 Каруна О.Л. «Сапалы білім - табысты болашақтың кілті».

17.00-17.45 Абдуахитова Г.Е. Студенттердің білімін ұйымдастыру және бағалау.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы ашық кураторлық сағат 20.11.2017

2017 жылдың 20 қарашасында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 1 курс студенттері үшін «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді, куратор-эдвайзер – Заманова С.К. Бағдарламаның мақсаты әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білу.

Кураторлық сағат келесі сұрақтарды қамтыды:

 1. Латын әліпбиіне көшу жайлы 

 2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Өзекті мәселелер бойынша пікірталас» тақырыбындағы ашық кураторлық сағат 17.11.2017

2017 жылдың 17 қарашасында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 2 курс студенттері үшін (ағылшын тобы) ашық кураторлық сағат өткізілді, «Өзекті мәселелер бойынша пікірталас» тақырыбында баяндама жасалды, куратор-эдвайзер – PhD Моисеева Е.С.

Пікірсайыстар келесі сұрақтарды қамтыды:

1. «Математикалық модельдеу» немесе «компьютерлік модельдеу», қай бағытты таңдаған жөн?

2. Күндізгі ұйқы – пайдалы ма әлде жоқ па?

«Айналаңды нұрландыр» — «Бұл не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны 27.10.2017

Механика-математика факультетінің бірінші курс магистранттарына арналған «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша эдвайзерлық сағат өткізілді. «Бұл не? Қайда? Қашан?»  - математика, физика, сондай-ақ әдебиет, тарих салаларын қамтитын интеллектуалды ойын. Миға шабуылдау әдісін қолданып, алты ойыншы - «сарапшылар» командасы - бір минут ішінде көрермендердің кез келген сұрағына дұрыс жауап іздейді. Бірінші алты ұпайға ие болған команда жеңіске жетеді. Ойын қызықты әрі пайдалы болды, 120 минуттың тез өтіп кеткені де байқалмады.

Эдвайзер сағатын Абдибеков С.У. мен Байтуреева А.Р өткізді.

«Айналаңды нұрландыр» жобасы 06.03.2017 «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында МКМ мамандығының эдвайзерлері Абдрахманова Н.Т., Байтелиева А.А., Абдыкарим М.Б.-ның ұйымдастыруымен №2 балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Lumiera Cinema» кинотеатрына және «Бастау» боулинг орталығына алып барды. Аталған іс-шараға МКМ мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері белсене ат салысты.

"IQ DODA"

09.04.2015 Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының ұйымдастыруымен "Айналанды нұрландыр" жобасы аясында "IQ DODA" атты интеллектуалды дода өткізілді.

«Құрбан айт-Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі»

03.10.2014

МКМ-13-1а тобының қатысуымен кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта мұсылман мерекесімен толығырақ танысу.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  26.11.2014

МКМ-13-1а тобының қатысуыменҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылау әрі түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан

09.12.2014

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты куратолық сағат өтті.