«ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ»

Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті «филология» факультеті «Түркітану және  тіл теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен ұлт ұстазы  «Ахмет Байтұрсынұлы ғылым әлеміндегі жаңашылдық пен дәстүрлік» атты дөңгелек үстел өтті. Ісшараға магистранттар мен докторанттар қатысып, баяндама жасады. Алғашқы құттықтау сөзді Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Авакова Раушангүл Әмирдинқызы алып, педагогтардың жаңа жылы, оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы диссертациялық жұмыстардың сәтті болуына тілек білдірді. 

Дөңгелек үстел барысында баяндама жасаушы магистрант, докторанттар әр түрлі қызықты, танымдық тақырыптарда баяндама жасай отырып, өзіндік ой көзқарасымен бөлісе отырып, мәселеге тереңдей қарағандары ерекше қуантты. Баяндамашылардың ішінде алғашқылардың бірі болып, «Түркі филологиясы» мамандығының 1-курс магистранты Қадылбек Марыс «Қытайдағы Ахмет Байтұрсынов еңбектерінің зерттелуі» атты тақырыпта баяндама жасады. Қытайда басылған Ахмет Байтұрсынұлының мұралары, күні бүгінге дейінгі қолданылып жүрген әліпби жайынан пайдалы ақпараттармен бөлісті. Келесі баяндамашы «Лингвистика» мамандығының 3-курс докторанты Талғатқызы Гүлнара «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік шеберлігі» тақырыбында 1926 жылы басылып шыққан «Әліпби» оқулығының бала психологиясына арналып жасалған әдістерінің қыр-сырын талдап, презентацияда көптеген жаңа ақпараттар айтылды. Одан өзге де өз тәлімгерлер баяндамаларын ортаға ұсынды: «Лингвистика» мамандығының 2-курс докторанты Серікқазықызы Ақбота «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының негізін қалаушы», «Түркі филологиясы» мамандығының 1-курс магистранты Біләлова Дәмелі «Ахмет – ұлт ұстазы» сериалының ерекшелігі, «Түркітану» мамандығының 1-курс докторанты Дүйсен Гүлзада «А. Байтұрсынұлы грамматологиялық ілімді қалыптастырған көшбасшы», «Лингвистика» мамандығының 1-курс докторанты Мырзабек Бибіхан «Қазақ тіліндегі орфография ережелерінің өзгеруі мен дамуы». 

«Ахмет Байтұрсынұлы ғылым әлеміндегі жаңашылдық пен дәстүрлік» атты ісшара барысында көптеген мәселелер көтеріліп қана қойған жоқ, түркі ғылымындағы өзекті тақырыптар аясында тың ойлар айтылды. Жас ғалымдар лингвистикалық семинарлар арқылы тәжірибе алмасуы, ғылыми жиындардың жиілігі, ғылыми жұмыстарын зерттеуде өте маңызды екендігін ерекше атап өтті.  қажет маңызды екендіктерін білдірді. 

Ұлт ұстазы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын қайта жаңғыртып, халық игілігіне ұсыну алдағы уақыт жас ғалымдардың, тіл жанашырларының қолында.  

 

 

Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 

аға оқытушысы

Ешметова Балжан