Тенишев конференциясы 2024

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

 

«Э. ТЕНИШЕВ КЕҢІСТІГІ: ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒҰМЫР»

 

2024 ж. 25-26 сәуір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), Алматы қаласы әкімінің аппараты тілдерді дамыту және ономаcтика бөлімі (Алматы, Қазақстан), Халықаралық түркі академиясы (Астана, Қазақстан), Стамбул университеті жанындағы Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер Орталығы (Стамбул,Түркия), Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Ташкент, Өзбекстан), Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетімен (Ташкент, Өзбекстан) бірлесіп, «Э. ТЕНИШЕВ КЕҢІСТІГІ: ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒҰМЫР» атты Халықаралық ғылыми конференциясын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына арнап өткізеді.

 

Конференцияның мақсаты – әлемге әйгілі шығыстанушы-түркітанушы Э.Р. Тенишевтің ғылыми-теориялық, cалыстырмалы-тарихи, салғастырмалы зерттеулерін, идеялары мен жетістіктерін талқылау және түркітанушы, моңғолтанушы, шығыстанушы ғалымдардың халықаралық ынтымақтастық траекториясын және келешектегі зерттеулердің даму бағыт-бағдарын айқындау.

 

Конференция бағыттары:

1.  Тілдер мен мәдениеттердің өзара әрекеттесуіндегі Э.Р. Тенишевтің түркі әлемі

2.  Э.Р. Тенишевтің ғылыми қызметі контексіндегі салыстырмалы-тарихи зерттеулер

3.  Еуразия халықтарының мәдени мұрасындағы эпос және эпостық туындылар

4.  Тарих, мәдениет, этнография

 

Тіркелу уақыты: 09.30-10.00

Өтетін уақыты: 10.00 – 18.00 (Астана уақыты)

Өтетін мекенжайы: Фараби кітапханасы 4 қабат, 409 зал.

 

 

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

 

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ және басқа түркі тілдері, ағылшын, орыс. Баяндама уақыты – 10 минут, сұрақ-жауап – 5 минут.

 

 

МАҚАЛА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ РӘСІМДЕЛЕДІ

 

1)     Мақаланың сол жақ бұрышына ҒТАМР (МРНТИ) қойылады (11 шрифт);

2)     Бір пробелден соң мақаланың оң жақ бұрышына қою шрифтпен аты-жөніңіз, қала аты, мемлекет аты жазылады; магистрант, докторанттардың аты-жөні ғылыми жетекшісінің аты-жөнімен бірге жазылады (11 шрифт);

3)     Бір пробелдан соң үлкен қою шрифтпен мақала атауы жазылады (12 шрифт);

4)     Түйіндеме (көлемі – 100 сөз) екі тілде (мақаланың жазылған тілі және ағылшын) беріледі (11 шрифт);

5)     Түйін сөздер (5 сөз, сөз тіркесінен аспасын) қойылады;

6)     Бір пробелдан соң толықтай мақала мазмұны (5-6 бет) қойылады (12 шрифт);

7)     Мәтін ішіндегі сілтемелер тікжақшамен бірінші сан әдебиеттер тізімі нөмерімен, екінші сан бетімен [1, 15], [1, 15-17] көрсетіледі;

8)     Бір пробелдан соң әдебиеттер тізімі қойылады (10 шрифт). Әдебиеттер тізімі ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған пайдаланылған дереккөздерді безендіру талабына сәйкес беріледі.

 

Ұйымдастыру комитеті жиналған материалдардың ішінен мақалаларды іріктеуге құқылы. Баяндама мақалалары тақырып өзектілігі, әдістеме және теориялық база нақтылығы, сонымен қатар зерттеудің ғылыми құндылығы тұрғысынан бағаланады.

Мақаланың толық нұсқасы мен қатысушы формасын толтырып, 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін келесі электронды поштаға жіберілуі тиіс: akimisheva75@mail.ru 

Конференция жарнасы – қатысушылар үшін 7 000 тенге (жарнаға конференция материалдарының электронды жинағын даярлау, құрылымын реттеу, конференция бағдарламасы, сертификат және олардың дизайны кіреді). Ұйымдастыру жарнасын жіберу реквизиті: KaspiGOLD, 4400 4302 2753 5389 Бектемирова Сауле Бекмухамедовна. Квитанцияның көшірмесін осы поштаға saule.bektemirova77@gmail.com жіберулеріңізді сұраймыз:

 

ҮЛГІ

 

Қатысушы формасы*

 

Автордың аты-жөні

 

Қызметі, ғылыми атағы мен дәрежесі

 

Жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Қосалқы авторлардың аты-жөні

 

Қосалқы авторлардың жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Мақала атауы (екі тілде: мақала тілінде және ағылшын тілінде)

 

Бағыт атауы

 

Баяндамашының техникалық қамтамасыз ету ұсынысы (қажет жағдайда)

 

Телефон нөмірлері

 

Е-mail

 

*Студент, магистрант, докторант қазіргі оқу жылын көрсетуі керек. Мысалы, студент (магистрант, докторант) 3 курс

 

 

Ізгі тілекпен,

Ұйымдастыру комитеті