ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КЕҢІСТІГІНДЕ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КЕҢІСТІГІНДЕ»

 

2021 ж. 9-10 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), Хаджетеппе университеті (Анкара, Түркия), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Мәскеу, Ресей Федерециясы), Ұлығбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Ташкент, Өзбекстан), Мажарстан ғылым академиясы (Будапешт, Мажарстан), Стамбул университетінің жанындағы Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер Орталығы (Стамбул,Түркия) бірлесіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КЕҢІСТІГІНДЕ» атты Халықаралық онлайн

конференция өткізеді.

 

Конференцияның мақсаты –Тәуелсіз Қазақстанның гуманитарлық бағыттағы ғылыми-теориялық зерттеулері мен тұжырымдарын талқылау, даму қарқыны мен келешек бағдарын айқындау.

 

Конференция бағыттары:

  1. Тіл, әдебиет, фольклор
  2. Тарих, этнография, археология
  3. Философия, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану

 

Өтетін уақыты: 10.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

Тіркелу уақыты: 09.30-10.00

Өтілу форматы: Онлайн, оффлайн

 

 

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

 

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ және түркі тілдері, ағылшын, орыс. Баяндама уақыты – 10 минут, сұрақ-жауап – 5 минут.

 

 

МАҚАЛА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ РӘСІМДЕЛЕДІ

 

1)     Мақаланың сол жақ бұрышына ҒТАМР (МРНТИ) қойылады (11 шрифт);

2)     Бір пробелден соң мақаланың оң жақ бұрышына қою шрифтпен аты-жөніңіз, қала аты, мемлекет аты жазылады; магистрант, докторанттардың аты-жөні ғылыми жетекшісінің аты-жөнімен бірге жазылады (11 шрифт);

3)     Бір пробелдан соң үлкен қою шрифтпен мақала атауы жазылады (12 шрифт);

4)     Түйіндеме (көлемі – 100 сөз) үш тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын) беріледі (11 шрифт);

5)     Түйін сөздер (5 сөз, сөз тіркесінен аспасын) қойылады;

6)     Бір пробелдан соң толықтай мақала мазмұны (5-6 бет) қойылады (12 шрифт);

7)     Мәтін ішіндегі сілтемелер тікжақшамен бірінші сан әдебиеттер тізімі нөмерімен, екінші сан бетімен [1, 15], [1, 15-17] көрсетіледі;

8)     Бір пробелдан соң әдебиеттер тізімі қойылады (10 шрифт). Әдебиеттер тізімі ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған пайдаланылған дереккөздерді безендіру талабына сәйкес беріледі.

 

Ұйымдастыру комитеті жиналған материалдардың ішінен мақалаларды іріктеуге құқылы. Баяндама мақалалары тақырып өзектілігі, әдістеме және теориялық база нақтылығы, сонымен қатар зерттеудің ғылыми құндылығы тұрғысынан бағаланады.

Мақаланың толық нұсқасы мен қатысушы формасын толтырып, 2021 жылдың 17 қарашасына дейін келесі электронды поштаға жіберілуі тиіс: gen.linguistics@gmail.com.

Конференция жарнасы – қатысушылар үшін 3 000 тенге (жарнаға конференция материалдарының электронды жинағын даярлау, құрылымын реттеу, конференция бағдарламасы, сертификат және олардың дизайны кіреді). Ұйымдастыру жарнасын жіберу реквизиті: KaspiGOLD, 4400 4301 1068 9251 Бектемірова Сәуле Бекмұхамедқызына, ақша жіберілген соң, квитанцияның көшірмесін осы поштаға gen.linguistics@gmail.com жіберулеріңізді сұраймыз:

 

ҮЛГІ

 

Қатысушы формасы*

 

Автордың аты-жөні

 

Қызметі, ғылыми атағы мен дәрежесі

 

Жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Қосалқы авторлардың аты-жөні

 

Қосалқы авторлардың жұмыс орнының қысқаша және толық атауы,

мекенжайы

 

Мақала атауы (екі тілде: мақала тілінде және ағылшын тілінде)

 

Бағыт атауы

 

Баяндамашының техникалық қамтамасыз ету   ұсынысы (қажет

жағдайда)

 

Телефон нөмерлері

 

Е-mail

 

*Студент, магистрант, докторант қазіргі оқу жылын көрсету керек. Мысалы, студент (магистрант, докторант) 3 курс

 

 

Ізгі тілекпен,

Ұйымдастыру комитеті